Ақтөбе облысы Әйке ауылындағы емхана медбикелері Ақнұр Бақытжанова мен Арайлым Аймағанбетова төтеншеліктермен бірге су басқан аумақтардың тұрғындарын эвакуациялауға көмектесті. Жүргенов ауылының 530 тұрғынын қайықпен облыс орталығына жеткізген. Олардың арасында қарттар, жүкті әйелдер, сондай-ақ балалар бар. Тұрғындар жергілікті медбикелердің сенімді бақылауында болды. Барлығы аман есен қауіпсіз жерге жетті. Арайлым АЙМАҒАМБЕТОВА, ӘЙКЕ АУЫЛДЫҚ ЕМХАНАСЫНЫҢ МЕДБИКЕСІ: Ауыл әкімшілігінде жатқан науқасымызды барып давлениясын және де сатурация барлық жағдайын тексеріп, келесі күні Әйтеке би аудандық ауруханасының басшыларымен және дәрігерлерімен ақылдасып сол жаққа жеткізілді. Больницаға жатқызылды және басқа тұрғындардың артериялық қан - қысымы және пульстерін тексеріп, кейбір науқастарымызды сыртқы жаққа шығаруға көмектестік.