Осы күнге дейін Конституциялық сотқа келіп түскен өтініштердің жай-күйі туралы ақпарат жарияланды.Жоғарғы органға барлығы 1856 өтініш келіп түскен, оның 42-сі - сот жаңадан құрылған 2022 жылы жолданған. Екі өтініш бойынша соттың нормативтік қаулысы қабылданды. 306 өтініш қаралып жатыр, 12-сі конституциялық іс жүргізуге қабылданды. 3 арыз алдын ала зерделену үстінде. Келіп түскен шағымдардың 23 пайызында құқықтық-нормативтік актілерді немесе оның жекелеген ережелерін заңсыз деп тануды сұраған. 46 пайызы сот шешімімен келіспейтінін жазады. 3,6 пайызы ақпараттың қолжетімсіз екеніне шағымданса, 2,3 пайызы - еңбек және зейнетақымен қамту, 1,6 пайызы - қылмыстық атқару жүйесі саласына қатысты.