22 желтоқсан сағат 17.00-дегі жағдай бойынша 2 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 2 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді. Бұл туралы Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының ұлттық операторы хабарлады. Жамбыл облысында 1 учаске, Алматы-Ташкент-Термез автожолының Кенен ауылынан Қайнар ауылына дейінгі бөлігі жабық. Жетісу облысында 1 учаске, Үшарал-Достық автожолының Көктума станциясынан Достық станциясына дейінгі жол жабық. Шектеу автокөліктің барлық түріне қолданылады (боран, көріністің қиындауы). Қазіргі уақытта республикалық маңызы бар автожолдарда 715 техника жұмыс істеп жатыр.