Күн бұзылып, (қар, боран, шектеулі көрініс), сондай-ақ жолды тазарту бойынша жұмыстарды жүргізуге байланысты 2 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 3 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді. Бұл туралы Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының ұлттық операторына хабарлады. Жамбыл облысында - 1 учаске «Алматы-Ташкент-Термез» а/ж 159-238 км, Кенен учаскесі – Қайнар ауылы (Жаңа Қордай асуы) -79 км; Жетісу облысында - 2 учаске «Үшарал-Достық» а/ж 84-184 км, Көктұма станциясы -Достық станциясы – 100 км; «Сарыөзек-Көктал» а/ж 45-68 км, (Алтын Емел асуы). «Шектеу барлық көлік түрлеріне қолданылады. Ағымдағы сағатта республикалық маңызы бар автожолдарда 674 техника жұмылдырылды»,-делінген хабарламада.