«АМАNАТ» партиясының қолдауымен Түркістан облысында «КІТАП-АМАNАТ» кітап орталығы ашылды. Аталған орталық партияның «КІТАП-АМАNАТ» жобасы аясында жүзеге асырылды. Отандық әдебиетке деген қызығушылықты арттыру, кітап оқуға ынталандыру, қазақстандық авторлар мен кітап баспагерлерін қолдауға бағытталған шараға зиялы қауым өкілдері қатысты. Жетісай қаласында ашылған орталыққа қазірдің өзінде бір жарым мыңдай кітап жеткізілген. Қазір партияның облыстық филиалы баспагерлік ұйымдармен арнайы меморандумға қол қойып, сұранысқа ие қазақ тілді әдебиеттердің халық арасында кең таралымға ие болуына жәрдемдеспек.Айдар СЕЙДАЗЫМ, ҚР ЖАЗУШЫЛАР ОДАҒЫ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ: Жетісай облыс орталығынан 400 шақырым қашықтықта орналасқан. Мұнда көптеген кітап дүниелері келе бермейді. Сондықтан осындағы оқырманға қазіргі әдебиетімізді таныту мақсатында үлкен іс-шара деп ойлаймын. Мұндағы мақсат – Мемлекет басшымыздың тапсырмасы: оқырманды көбейту, ауылды жердегі, шалғай ауылдардағы ауылдарды кітаппен қамту, ол да шешіліп отыр. Ал Атырауда ашылған дәл осындай орталықта әртүрлі жанрдағы 700-ге тарта кітап бар. Жоба аясында болашақта жергілікті жас ақын-жазушылардың кітабын шығаруға қолдау көрсету мақсатында мемарандумға қол қойылды. Орталық жергілікті ақын-жазушылармен бас қосып, жаңа кітаптардың тұсаукесерін өткізетін рухани ортаға айналмақ. Қадыр ЖҮСІП, АҚЫН: Қазақтың классиктерінің көп даналары орталықта басылады да бізге, республиканың шетіндегі облыстарға жетпей қалады. Бүгінгі күні соның өзі үлкен мәні бар нәрсе. «AMANAT» партиясы осыны қолға алды. Бүкіл классиктердің дүниесінің бәрін халыққа тарату, жастарға тарату, ол үлкен жұмыс. Бұл енді біздің рухани санамыздың одан сайын дами түсу, жастардың рухани санасының биіктей түсуі үшін болатын әсер.