Танымал продюсер, әнші, медиаменеджер Ерболат Беделхан өнеріндегі кейінгі жаңалықтарын бөлісті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Adal Adam подкастына сілтеме жасап хабарлайды.Әңгіме барысында Назарбаевтар әулетінің мүшелерімен шығармашылық байланыс орнатқанын мойындады. Қайрат Сатыбалдының әйелі Гүлмира Сатыбалдымен серіктестігі туралы да бүкпесіз баяндап берді.“Ninеty one қоғам тарапынан қатты сынға ұшыраған кезде Назарбаев әулеті, соның ішінде Гүлмира Сатыбалды қатты көмектесті деген сыбыстың шыққаны – жалған ақпарат. Ондай дүние болған емес. Шынымды айтайын, Гүлмира Сатыбалды маған хабарласып, қызына продюсер болуды ұсынды. Ел арасына тараған әңгіме осы болар?! Альбина деген қарындасым 13-15 жаста еді, кішкентай қыз. Бірнеше рет келді, мен екі рет жоқ дедім, Өйткені уақытым жоқ еді”, – деп бастады әңгімесін өнер иесі. Солтүстік Қазақстанда білім басқармасының қызметкері Антикор тергеуінен кейін өзіне қол жұмсады Қайрат Сатыбалдының ұлына тиесілі "Байсат" базарының бір бөлігі қайтарылды Айтуынша, белгілі кәсіпкердің қызы бас-аяғы төрт айдың ішінде адам танымастай өзгерген. Тіпті оған ата-анасы да қатты таңғалған көрінеді. “Мен адаммен жұмыс істегенде ішкі жан дүниесіндегі өзгерістерді байқаймын. Адамдар, мысалы, арықтау үшін, би үйрену үшін жылдар жұмсайды, уақыт керек, тәжірибе керек. Бірақ ол адам танымастай қатты өзгерді. Альбинаға менің жүйеме кірсін, өзі сүзіліп, атылып шықса, мықты болса, мүмкіндік беремін дедім. Мен тәрбиеледім, менің жүйем тәрбиеледі. Сөйтіп ол аз уақытта өте жақсы жетістіктерге жетті. Өлең жазып, би биледі, 25 келі арықтады. Ата-анасының өзі де таңғалды. Қазақша сөйлей бастады. Бірақ мен бір жыл ғана продюсер бола аламын дедім, өйткені уақытым ол кезде тапшы еді. Сөйтіп жеке өзім бір жыл бойы жетекшілік еттім. Жастар тілімен айтқанда сенсэй (ұстаз) болдым. Кейіннен анасы келіп, рақметін айтты. Бар шындық – осы”, – деп ағынан жарылды продюсер.