Аккредитациядан өткен екі шетелдік байқаушы сайлауға қатыса алмайтын болды. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Мұхтар Ерман мәлімдеді. Халықаралық байқаушылардың сайлауға қатысудан бас тартудың себебі әрбір миссияның өзінің жеке ішкі процедуралары мен тәртібіне байланысты екенін айтты. Сөзінше, шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың байқаушыларын аккредиттеудің кейбір мәселелері туралы комиссия қаулысы жобасы дайындалды.Мұхтар ЕРМАН, ҚР ОРТАЛЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ХАТШЫСЫ: 10 ақпанда ОСК-ға сайлауға тіркеуден өткен Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросы миссиясының 2 мүшесі байқауға қатыса алмайтынын хабарлады. Миссия мүшелерінің тізіміне тиісті өзгерістер енгізу үшін СІМ-нен ұсыным келіп түскен болатын. Осыған байланысты ДИАҚБ миссиясының 2 байқаушысының тіркеуі қайтарып алынады. Сондай-ақ, отырыс барысында Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы мен Ақ Жол партиясының Мәжіліс депутаттығына кандидаттарының партиялық тізімін тіркеді. Ә. Дүкембаева