Екі студент суға кетті: Ақтөбедегі медициналық университетте қаралы күн жарияланды

Ақтөбеде кеше екі адам суға кетті. Екеуі де медициналық университеттің төртінші курс студенттері. Бүгін оқу орнында екі студенттік портреті қойылып, үш күнге қаралы күн жарияланды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайтының тілшісі.М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті Жалпы медицина факультетінің 4-курс студенттері Елназ Жолан мен Рафхат Қайыржанов Қарғалы өзенінен шыға алмай қалды. Бірінің денесін сүңгуірлер сол сәтте тауып алса, екіншісінің денесін бүгін таңғы 03:20-да тапты. Екіншісін өз туыстары іздеп, жағаға денесін шығарған. – "Красная поляна" бау-бақша ұжымында екі адамның суға кеткені бойынша ақпарат түсті. Сағат 13:58-де бірінші адамның денесін жедел құтқару жасағының құтқарушылары судан шығарды. Екінші адамды еріктілер судан (туыстары) түнгі сағат 03:20-да тапты. Қайтыс болған екі адамда 2003 жылы туған, – деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі. Кейін екі жігіттің де студент екені анықталды. Бүгін М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті бас ғимаратқа екі студенттің фотосын қойып, үш күнді қаралы деп жариялады. – Елназ Қасымханұлы Ырғыз ауданының, Рафхат Мұқатұлы Батыс Қазақстан облысының тумасы. Екеуі де оқу үлгерімдері жақсы, қоғамдық шараларға атсалысып жүрген белсенді де өнерлі студенттер еді. Өте өкінішті жағдай. Елназ бен Рафхаттың кенеттен қаза болуына байланысты ата-анасы, бауырлары мен ағайын-тумаларының және достарының қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамыз. Қайғылы жағдайға байланысты университетте үш күн қаралы деп жарияланды, – деп хабарлады жоғары оқу орнының баспасөз қызметі.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Президент Украина төңірегіндегі жағдайдың ушығуына байланысты шұғыл шара қабылдауды тапсырды
Шығыс Еуропа Кубогы: қазақстандық шаңғышылар алғашқы күнінде алты медаль жеңіп алды
Түркістан облысында түрме офицерін үш бастығы ұрып-соққан
Дәрігер адам өмірін 11 жылға ұзартатын кеңес ұсынды
Павлодар облысында моноқалаға жаңа әкім тағайындалды
СҚО мен Шэньси провинциясы 93 млрд теңгеге меморандумға қол қойды
“20 миллиондық торт“. Блогер Дархан жұбайының тойына қанша ақша кеткенін айтты
Қоғамдық орында кальян шеккендерге 25 млн теңге айыппұл салынды
Бокстан Азия чемпионатына баратын ерлер құрамы белгілі болды
Елімізде сұйытылған газдың көтерме бағасын сақтау жоспарланып отыр
«Балалар қараңғыда қайтады»: әнші Жазира Байырбекова бұрынғы сағатты қайтаруды ұсынды
Көкшетауда өрт кезінде бір адам құтқарылды
Түркістан облысында түрме офицерін үш бастығы ұрып-соққан
Президент Украина төңірегіндегі жағдайдың ушығуына байланысты тапсырма берді
Президент Украина төңірегіндегі жағдайдың ушығуына байланысты шұғыл шара қабылдауды тапсырды
Украина төңірегіндегі жағдай ушықты: Тоқаев тапсырма берді
«Ерке Есмаханның бір бөлшегі сіздермен бірге болады»: әнші оқырмандарын қызықтырып қойды
Тоқаев Украина төңірегіндегі жағдайдың ушығуына байланысты тапсырма берді
Жаңа жылда неше күн демалыс бар?
Азия чемпионатына баратын боксшылар белгілі болды
Шығыс Еуропа Кубогы: қазақстандық шаңғышылар алғашқы күнінде алты медаль жеңіп алды
Өрт шыққан үйде қалып қойған көкшетаулық тұрғын құтқарылды
Ақпан айында айқасайық! Жәнібек Әлімханұлы Канелоға жекпе-жек уақытын ұсынды
Yandex Qazaqstan компаниясының басшысы тағайындалды