Екібастұз ЖЭО-сындағы негізгі қазандық келер аптада жөндеуден өтуі мүмкін

Екібастұз жылу электр орталығында болған апатқа байланысты Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов жедел штабтың отырысын өткізді. Жиналыс барысын өңір басшысы өзінің әлеуметтік желідегі ресми парақшасында жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.«Қазіргі таңда станцияда 6 қазандық жұмыс істеп тұр. Олардың үшеуі – бу, үшеуі – энергетикалық қазандық. Станциядан шығатын жылу градусы – 71, ал жылудың орталыққа қайта келетін құбырларындағы градус – 47. Апатты жағдай кеше кешке толық жойылды. Станция 60 градустық жылу параметріне таңғы 6:00 шамасында жетті. Қазір №14 қазандық жөндеуден өтіп жатыр. Ол бүгінгі күннің соңына дейін іске қосылады», - деді Орталық-Азия энергетикалық корпорациясы бастығының өндіріс жөніндегі орынбасары Леонид Янушко. Оның айтуынша, ЖЭО-да көмір мен мазут қоры жеткілікті. Соңғы күндері Павлодардан қосымша 90 тонна мазут әкелінген. «Жалпы, станциядағы барлық құрылғыларды жөндеу жылу беру маусымынан тыс уақыттарға жоспарланған. Дегенмен, келер аптада ауа температурасы жылынуы мүмкін. Сол уақытта негізгі №12 қазандықты жөндеуден өткізуді жоспарлап отырмыз. Бұл жұмыстарғы 3-4 күн қажет болады. Кейін бұл қазандықты резервке қою немесе бірден іске қосу мәселесін пысықтаймыз», - деп баяндады Леонид Янушко жедел штабтың отырысында. Жиын барысында Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов қазір үйлер мен әлеуметтік нысандардағы жылу параметрлерін көтеруді тапсырды.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Костенко шахтасындағы жарылыс: басшылық қарапайым қауіпсіздікті сақтамай келген бе
Тірі кезінде бағалаңыздар! – Нұрлан имам
"Алтынбек - ұры жүйенің идеологы болған адам" - Серік Әбдіраханов
Данияр Елеусінов UFC президентімен келісімшарт жасасты
Алматы қаласы мәслихаты шешімін мемлекеттік тіркеу туралы АҚПАРАТ  
Тұман, көктайғақ: 14 наурызға арналған ауа райы болжамы
Қостанай облысында боранды түнде 170-тен аса ауыр жүк көлігі жолда қалып қойды
Ленин кинотеатры Қарағанды облысының Жастар үйіне беріледі
Жаңаөзенде жантүршігерлік жол апатынан екі бала көз жұмды
Жезқазғанда «Таза Like» акциясы басталды
Өлексе сатқанша өлгені жақсы еді: Астанада алаяқ кәсіпкер ұсталды
Егескен екеу ел бола ма?.. Зеленский Путиннің пайымына түсініктеме берді
Астана мен 14 өңірде дауылды ескерту жарияланды
Алматыға 1,7 млн турист келді
Қарағандыда шалбарын шешіп, оқушыларды аңдып жүрген адам психикалық орталыққа тапсырылды
"Алтынбек - ұры жүйенің идеологы болған адам" - Серік Әбдіраханов
«Неге туып алмайсың?»: Айнұр Тұрсынбаева орынсыз сұрақ қоятындарға ренішін білдірді
Тірі кезінде бағалаңыздар! – Нұрлан имам
«Менің қуанышым»: Жансая Әбдімәлік күйеуіне сезімін білдірді
Қостанайда қарлы тосқауылдан 15 адам құтқарылды
Костенко шахтасындағы жарылыс: басшылық қарапайым қауіпсіздікті сақтамай келген бе
Алматыда танысу сайттары арқылы тақырға отырғызатын күдіктілер ұсталды
Әнші Дастан Оразбеков әйелімен бірге кезекті рет клип түсірді (ВИДЕО)
Қостанай облысында 174 ауыр жүк көлігі жолда тұрып қалды