Екібастұз жылу орталығына 3 млн теңге айыппұл салынды

Қыс бойы Екібастұз халқын тоңдырған жылу электр орталығына 3 млн теңге айыппұл салынды. Бұл жолы жылуды жеткілікті бермегені үшін емес, тұрғындарды түтінге тұншықтырғаны үшін жазаланды. Естеріңізге салайық, наурыз айының соңғы үш күнінде тұрғындар қара түтіннен көз ашпай, жағымсыз иіске тұншыққан. Шағын шаһарды әлекке салған бұл мәселе туралы өткен шығарылымдарымызда бейнематериал берген болатынбыз. Сонан кейін бақылаушы органдар тексеріс бастады. Бастапқыда жылу қазандықтарындағы көмір қалдықтары өртеліп жатыр деп ақталғанымен, кейін стансада апаттық жағдай болғаны анықталған. Ал басшылық мұны тұрғындарға дер кезінде хабарламай, жылы жауып қоймақ болған.Мағзұм ҚОҚЫМБАЕВ, ЭКОЛОГИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Прокуратураның ұсынысы бойынша 2 тексеру жүргізілді. Олардың нәтижелері бойынша кәсіпорынға жалпы сомасы 3 млн теңгеге 3 айыппұл салынды. Зертханалық сынақтардың нәтижелері бойынша ауаны ластағаны анықталды. Осы құқық бұзушылық үшін кәсіпорын «әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР кодексінің 1-бөлігінде көзделген әкімшілік жауапқа тартылды.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Көлікті ұзақ уақыт қыздырғаны үшін неге айыппұл салынатыны белгілі болды
 Кәсібилік және еңбекқорлық біліктіліктің  жаңа сапасын қалыптастырады
Алматының индустриалды аймағында 2024 жылы 10 жаңа жоба жүзеге асты
Жұмысшы мамандықтар жылынан не күтеміз?
Қыз баланың ер адамға тіктеп қарамағанының өзі – имандылық
Қазақстанда жылжымайтын мүлікті онлайн сату және сатып алу жобасы іске қосылады
Ауылдық медицина – қолжетімділік пен сапаны арттыру
Мопедті тіркеуге  қандай құжат керек?
Өзбекстан Қазақстан қалаларына жаңа автобус бағыттарын іске қосады
Тыныштық пен келісімнің мекені
Жжұмысшы мамандарды дәріптеу қажет
Жұмысшы мамандарды дәріптеу қажет
Алматыда қор-қордың түтініне еліткен 100-ден астам адамға айыппұл салынды
Еңбек пен шеберлік бағаланатын  уақыт
 Кәсібилік және еңбекқорлық біліктіліктің  жаңа сапасын қалыптастырады
Теміржол мамандарын даярлау: жаңа мүмкіндіктер мен тәжірибе
Қазақстандық актер Нью-Йоркте марапатталды
Алматыдағы бос учаскеде жаңа демалыс  аймағы пайда болды
Саматтың сырлы суреттері
Жазушы Мұхтар Мағауин дүниеден өтті
1,2 миллион ауыл тұрғыны жылжымалы кешенде медициналық көмек алды
Отбасының цифрлық картасында еліміздің 20 млн азаматы туралы ақпарат жинақталған
Алматының индустриалды аймағында 2024 жылы 10 жаңа жоба жүзеге асты
Ерекше стратегиялық маңызы бар су шаруашылығы құрылыстарының тізбесін кеңейту жоспарлануда