Екібастұз тұрғыны есірткі сатты деген күдікпен ұсталды.Жедел ақпаратты іске асыру барысында Павлодар облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімшелерінің қызметкерлері елордалық әріптестерімен бірлесіп, Екібастұз қаласында 23 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады. «Тінту іс-шараларын жүргізу кезінде жас жігіттен салмағы бір келіден асатын сұр-жасыл затты полиэтилен пакеті бар қорап тәркіленді. Сараптама қорытындысы бойынша оның каннабис тектес есірткі екені анықталды», – деді Павлодар облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының міндетін атқарушы Арсен Айгазин. Күдіктінің үйін тінту кезінде жедел уәкілдер сұр-жасыл зат бар пакет, шағын таразыларды, 50 конволюцияны және есірткіні орауға арналған басқа да заттарды тапты. Барлығы 2,4 килограмм каннабис тектес есірткі тәркіленді, оны жас жігіт Telegram қосымшасын пайдалана отырып, бетбелгілер арқылы қойып кетуді ойластырған. Осы факт бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 297-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу жүргізіледі. Күдіктіге қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Қазақстан Республикасы Конституциясының 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына, Қазақстан Республикасы ҚПК-нің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес соттың заңды күшіне енген үкімімен танылғанға дейін адам қылмыс жасағаны үшін кінәлі емес деп есептеледі.