Екібастұзда 3 үйдің ауласын су басып қалды

Екібастұзда 3 үйдің ауласын су басып қалды. Бұған жылу құбырын сынақтан өткізу кезіндегі апат себеп болған. Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ. Тек тұрғындардың бау-бақшасы мен даладағы дүние мүлкі суда қалған. Жарамсыз күйге түскен мүліктің шығынын әзірге кімнің өтейтіні белгісіз. Тұрғындар әлі күнге дейін ашық жатқан құбырлар уақытылы жөнделеді дегенге де күмәнмен қарап отыр. Екібастұзға жылу уақытылы беріле ме? Тілшіміз Өзгеріс Қуанар айтады. Жарылған құбырдан атқылаған ыстық су Мәшһүр Жүсіп көшесіндегі 3 үйдің ауласын басып қалды. Тұрғындар ала жаздай өсірген көкөністерін жинап үлгере алмады. Барлығы жарамсыз күйге түскен. Наталья СИТДИКОВ, ЕКІБАСТҰЗ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Егер су атқылаған кезде бау-бақшада біреу жүрсе, өлтіретін еді. Өйткені, ыстық судың екпіні қатты болды. Өте қорқынышты. Жаздай өсірген жемістер жарамсыз болып қалды. Енді не істерімді білмеймін. Марат ӨТЕГЕНОВ, ЕКІБАСТҰЗ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Бұл топырақтың бәрі жарылған құбырмен ағып келген. Амал жоқ мынанның бәрін тасып, ауланы тазалау керек. Бәрінен де құрылыс материалдарым түкке жарамай қалды. 20 қап цемент, 1 жарым куб тақтай, жаңа есіктер бәрі судың астында жатыр. Әлі күнге дейін құбырлардағы жөндеу жұмыстары аяқталмаған. Тұрғындар жылу уақытылы берілмей қала ма - деп алаңдап отыр. Николай НЕУПАКОЕВ, ЕКІБАСТҰЗ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Жұмысшылар таңертең сағат 10-да жұмыс істеп жатқан. Сағат 12-ге қарай келсем ешкім жоқ. Түскі асқа кетіп қалыпты. Міне, сағат 13.30 болды. Әлі ешкім жоқ. Мынау құбырларды жазда қазып тастаған. Әлі көмілген жоқ. Күз келді. Бұлардың мына түріне қарап, жылу береді дегенге сенбеймін. Қала әкімінің сөзінше, 4 жылу магистралінде жөндеу жұмыстары жүргізілген. Қазіргі күні оның үшеуі аяқталды. Бір жылу құбыры қажетті жабдықтың жоқтығынан тоқтап қалған. Аян БЕЙСЕКИН, ЕКІБАСТҰЗ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ: Бүгінгі күні келе жатыр. Ертең 4 компессатор келеді. Оны орнату үшін бір сутка уақыт керек. Содан 5,8,12 магистральдар бір-біріне жалғанғаннан кейін жууын, сынағын 20-нан 25-не дейін көздедік қыркүйек айының. Екіншісін 25-нен 30-на дейін деп жоспарладық. Бүгінгі барлығы жоспарлы түрде жүргізіліп жатыр. Ешқандай тәуекелдер жоқ. Шаһар басшысы жөндеу жұмыстары қыркүйектің соңына дейін аяқталады –деп сендірді. Ал жылу беруді 1 қазанда бастамақ.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Қан тамырлар саулығы: рационға қосу керек топ-8 өнім
Өскеменде бір ай бұрын жоғалған 19 жастағы қыздың денесі табылды
«Көзімнің тірісінде күйеуге шыққанын көргім келеді»: Мақпал Жүнісова арманын айтты
Адам қанша литр шай ішкеннен кейін өліп кетуі мүмкін?
ТЖМ қызметкерлері Қарағандыда өрт кезінде 6 адамды құтқарды
Қан тамырлар саулығы: рационға қосу керек топ-8 өнім
2025 жыл қандай болмақ?
Алматыда «баррамунди» экзотикалық балық түрі өсіріледі
Құрмамен бірге жеуге болмайтын өнімдер аталды
“Қанды желтоқсанның сызы әлі байқалады”: желтоқсан оқиғасына қатысқандар не дейді?
Өскеменде бір ай бұрын жоғалған 19 жастағы қыздың денесі табылды
Бірнеше облыста көлік қозғалысына шектеу қойылды
Астанада Бибігүл Төлегенованың 95 жасқа толуына орай салтанатты концерт өтті
Есте сақтау қабілетін жақсартатын ең оңай тәсіл белгілі болды
Ауыл шаруашылығы вице-министрі Алматы облысына барды
«Көзімнің тірісінде күйеуге шыққанын көргім келеді»: Мақпал Жүнісова арманын айтты
Алматыға жақын маңда жер сілкінді
ММА-дан әлем чемпионаты: Ақтөбелік полицей финалда техникалық нокаутпен жеңіске жетті
Алматыдан 88 шақырым аумақта жер сілкінді
Алматы маңында жер сілкінді
Алматыдан 88 шақырым жерде жер сілкінді
Ер адамдар неге көзге шөп салады? Психолог жауабы
Қазақстан құрамасы шайбалы хоккейден Олимпиадаға іріктеу кезеңін жеңіспен аяқтады
Ақмола облысында тұрғын үй өртенді