Екібастұзда әлі 30-ға жуық көпқабатты үй жылуға жарымай отыр

Екібастұзда әлі 30-ға жуық көпқабатты үйде жылу мардымсыз. Тұрғындар жылытқыш қосып жан бағуда. Ал 4 мектепте жағдай күрделі. Жылу қысымы өте төмен. Сондықтан оқушылар қашықтан оқуға көшті.Екібастұздықтар биылғы қысты қоңыр салқын үйде өткізуге мәжбүр. Өйткені, жылу жүйесіне күрделі жөндеу жасалмайынша, жағдай оңалар емес. Тұрғындар жылытқыш қосып, жан бағып отыр. Альмира ӘБІЛҚАЙЫРОВА, ЕКІБАСТҰЗ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Осы жолы біз обогреватель сатып алдық. Обогревательмен бір комнатаны жылытамыз. Кісі келіп жатса, залға қоямыз. Осылай әрбір комнатаны жылытып жүреміз. Қазір қаладағы 26 көпқабатты үйде жылу қысымы төмен. Мамандар желілерді тазалап жатыр. Өйткені құбырлар бітеліп қалғандықтан, жылу үйлерге тиісті дәрежеде жетпей жатқанын айтады. Асайын БАЙХАНОВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: Жылу мысалы, ол үйге 64-65 градуспен кіреді. Бірақ, үйдегі жылу радиаторларында 39, 41, 45 деп әр түрлі көрсетеді де. Бір пәтердің 3 комнатасында 3 бөлек температура көрсетіледі. Ол үшін біз оны қайтадан жуып тазалауымыз керек. Сондықтан, біз жоспарды бекіттік. Аян БЕЙСЕКИН, ЕКІБАСТҰЗ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ: 150-ге жуық табылған ақаулардың көбісі жойылды. Бүгінгі күнге тағы 21 ақау бар. Оларды уақытша жойдық. Материалдық, еңбек ресурстары бар. Күн жылынғаннан кейін жақын арада бұл ақаулар бойынша жалғастырылатын болады. Бұдан бөлек, қаладағы 4 мектеп жылуға жарымай отыр. Оқушылар қашықтан оқуға жіберілген. Десе де, алдағы бірнеше күнде жағдай қалыпқа түседі деп отыр жауаптылар. Ал жұмысына салғырт қараған «Павлодарэнерго» АҚ бас директоры Вадим Лесинді қызметінен босатылды. Ө. Қуанар

Читать источник astanatv.kz/kz/
Еліміздегі республикалық маңызы бар жолдарда жаңа индекстер бекітілді
Түркістан облысында әйел мен оның қызын өлтірген күдіктінің соты ашық өтеді
Сыр өңірі көш бастап тұр
Қазақстан мен Ресейдің ауыл шаруашылығы ведомстволары агроөнім саудасын жеңілдетуге ұмтылуда
Көлік полицейлері ҚТЖ-да дизель отынын ұрлаған қылмыстық топты ұстады
Жаңа жыл қарсаңында пойыз билеттеріне жеңілдік жасалады
Алматыда «Күз-2024» шақыру компаниясы аяқталды
Еліміздегі республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында «KAZ» және «KZ» жаңа индекстері бекітілді
Мұстафа ӨЗТҮРІК: «Батыр болам десең, елің мен жеріңді сүй»
Лукашенко 2020 жылы интернетті өшіргенін мойындап, тағы қайталайтынын айтты
Шымкенттегі пәтерлердің бірінен қарияның мәйіті табылды
Сәкен Майғазиевтің туған әпкесі өмірден озды
Қазақстандағы алғашқы болат балқымасына 80 жыл толды
Алматы облысында монша өртенді
“Екеуіміз ғана қалдық“. СҚО-да 45 ауыл таратылады
Астана аспанында жойғыш ұшақтар ұшады: Қорғаныс министрлігі мәлімдеме жасады
Жібек Құламбаева Португалиядағы турнирдің финалына шықты
Шымкенттегі пәтерлердің бірінен қарияның мәйіті табылды
Алматы облысында ер кісі бірге тұрып келген әйеліне бензин шашып, өртеп жіберген
Қазақстандықтарға жылу үшін төленген 700 миллион теңгеден аса ақша қайтарылады
Украина барлауы: Днепрге шабуыл «Кедр» зымыран кешенінен жасалуы мүмкін
Жетісу облысында өрт кезінде 3 адамды құтқарылды
“Тұрғындарға ешқандай қауіп төндірмейді“ - Қорғаныс министрлігі үндеу жасады
Жылдың үздік спорт комментаторы мен журналисті анықталды