Екібастұзда әйел адамды көлік қағып кетті.Instagram әлеуметтік желісіндегі ekibasvteme паблигінде Бауыржан Момышұлы көшесінде екі жол-көлік оқиғасы болғанын және бір жағдайда адамды көлік қағып кеткенін хабарлады. Облыстық жедел жәрдем станциясы баспасөз қызметінің мәліметінше, апат орнына шақыру 22 маусымда сағат 12:03-те түскен. «103» бригадасы екі минуттан кейін оқиға орнында болды. Зардап шеккен 60 жастағы әйел Екібастұз қалалық ауруханасына жатқызылды», – деді жедел жәрдем станциясында. Сол күні Павлодар тас жолындағы апаттан бес адам зардап шекті.