Екібастұзда газ құю бекетінде жарылыс болып, 1 адам тірідей жанып кетті. Әзірге қаза тапқан адамның кім екені анықталған жоқ. Төтеншеліктердің айтуы бойынша бұл адам газ бекетінің операторы болуы мүмкін. Оны сараптама қорытындысы анықтайды. Тілсіз жаудан бекет жанындағы дүкеннің шатыры мен су құбырының мұнарасы да жанған. Қазіргі уақытта өрт толығымен сөндірілді. Жеке үйлерлерге қауіп төнбеген. Өрт болған кезде 4 цистерна толы газ бен 40 газ баллоны болған. Оразбек УӘЛИХАНОВ, ОБЛЫСТЫҚ ТЖД БАСҚАРМА БАСТЫҒЫ:Өрт орнында ТЖД 31 қызметкері мен 11 бірлік техникасы жұмылыдырылды. Қазіргі таңда залалы мен шығыны анықталуда.