Екібастұзда жасөспірім қыздар әйелді тырнап, оның баласын тепкен

Екібастұзда жасөспірімдер әйелді тырнап тастады, әйел адамның баласы да зардап шекті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.Әлеуметтік желідегі парақшаларының бірінде Екібастұз қаласының сауда үйінде ана мен балаға екі жасөспірім қыз озбырлық әрекет көрсеткені туралы белігілі болды. Лифтіге ана мен баланы кіргізбей, дөрекі мінез-құлық көрсеткен. "Қыздар бізді лифтінің ішіне кіргізбей тұрды. Мен ескерту айтқан кезде, олар маған айғайлап, дөрекілік таныта бастады. Менімен бірге лифтіде адамдар тұрған еді", - деп жазды хабарламаның авторы .Бұл қылықты бейжай қалдырғысы келмеген ана баласын күзетшіні шақыру үшін жіберген. Сол кезде екі қыз бала қашқысы келген, алайда әйел адам оларды ұстап алуға тырысқан. Бұл уақытта олар әйелді тырнай бастаған, ал жеті жасар баласы анасын қорғап қалғысы келген. Екі жасөспірім қыздың біреуі ұл баланың ішінен тепкен. Осыдан кейін әйел адам полицияға барып, арыз жазған.  Облыстық полиция департаменті аталған факт бойынша түсініктеме берді."А. тұрғынының өтініші тіркелді. 14-15 жас аралығындағы кәмелетке толмаған екі қыздың жеке басы анықталды. Олардың ата-анасымен жұмыс жүргізіледі", - деп хабарлады департамент.Сондай-ақ кәмелетке толмағандар оқитын оқу орындарында олардың мінез-құлқы талқыланатын алдын алу кеңесінде қарауға шығарылады. Соңғы шешім тексеру жүргізілгеннен кейін қабылданады.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Түнде тыныштықты бұзғаны үшін қанша теңге айыппұл салынады?
19 жастағы қазақстандық хоккейші Канадада өнер көрсетеді
Еліміздегі студент жастарға мемлекеттік қолдау артады
Алматының туризм саласынан түскен салық түсімдері 2 есеге артты
Алматыда бір тоннадан астам есірткі тәркіленіп, 23 есірткі зертханасы таратылды
Бір жылда 85 мыңнан астам мектеп оқушысы Алматы музейлерін тегін аралады: бастама білім беру барысына қалай әсер етеді?
Алматы музейлері үшін рекордты жыл: 300 мыңнан астам келуші, 85 млн теңге табыс және ТҮРКСОЙ-дан марапат
Алматы мұражайлары: шетелде оқу, жалақының көтерілуі және қызметкерлерге арналған қолжетімді баспана
Іздеуде жүрген қазақстандық Ресейде ұсталды
Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру мақсатында «Келешек» бірыңғай ерікті жинақтау жүйесі әзірленді
100-ден астам алматылықтар шағын бизнесті дамытуға жылдық 2%-дық  және 6-дық жеңілдетілген  мөлшерлемемен несие алды
2024 жылы мемлекеттік еңбек инспекторлары 54 мыңнан астам жұмыскердің құқығын қорғады
Қазақстандықтар туу туралы куәлікті ХҚКО-ға бармай-ақ ала алады
Тарихтағы 15-ші жеңіс
Шекарашылардың жағдайын жақсарту талқыланды
Эстондық акробат Дубайда 224 метр биіктікте арқанмен 100 метр жүріп өтті
Қазақ қызы UFC сапына қосыла ма?
Қазақстан хоккейшілері Универсиадада жеңіске жетті
Алматыда халықтың әлеуметтік осал санаттарына 17 көмек түрі көрсетіледі
СҚО-да әйел адамды балтамен өлтіріп кеткен күдіктілер ұсталды
Алматы облысында қайтарылған активтер есебінен жаңа спорт кешені салынады
Мыңдаған үндістандық Кумбха Мела фестивалінде қасиетті суға шомылып жатыр
Әнші Роза Әлқожа әже атанды
Алдағы күндері ауа температурасы 12 градусқа дейін жылынады