Екібастұзда жүкті әйел биіктіктен құлап, қайтыс болды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.Облыстық жедел жәрдем станциясы баспасөз қызметінің мәліметінше, 23 қаңтарда түнгі сағат 01:42-де биіктіктен құлау туралы қоңырау түсті. «Медициналық бригада шұғылдықтың бірінші санаты бойынша шықты. Жедел жәрдем бес минутта жетті. Оқиға орнында 30 жастағы жүкті әйелдің мерт болғаны анықталды»,– деді станцияда. Полиция департаменті жазатайым оқиғаға қатысты әзірше түсінік берген жоқ.