Екібастұзда бес қабатты тұрғын үйдің пәтерлерінің бірінде өрт болды. Өрт сөндірушілер 20 адамды эвакуациялады, олардың 4-і - балалар, деп хабарлайды Zakon.kz."2023 жылы 19 ақпанда сағат 9.59-да Павлодар облысы ТЖД-ның "101" басқару орталығына Екібастұз қаласының Қонаев көшесіндегі үйлердің бірінде өрт болып жатқаны туралы хабарлама келіп түсті". Өрт сөндірушілер оқиға орнына жеткенде бес қабатты тұрғын үйдің екінші қабатындағы пәтерлердің бірінде өрт шыққанын анықтады. Өрт сөндірушілердің жедел әрекеттерінің арқасында 20 адам эвакуацияланды, оның төретуі - бала. Сондай-ақ өрттің ары қарай өршуіне жол берілмеді. Өртті сөндіруге 12 қызметкер мен 3 техника жұмылдырылды. Өрт сағат 10:21-де ауыздықталып, 10:34-те толығымен жойылды. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталу үстінде.