Екібастұзда шенділер қоныс аударушыларға бөлінген 15 пәтерді туыстарына таратып жіберген

Екібастұзда шенділер қоныс аударушыларға бөлінген 15 пәтерді туыстарына таратып жіберген. Шенеуніктердің заңсыз әрекетін жемқорлыққа қарсы агенттік әшкерледі. Анықталғандай, Екібастұз қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мемлекеттік бағдарламамен берілуі тиіс баспаналарды туыстары мен өз қызметкерлеріне заңсыз берген. Бұл үйлер оңтүстіктен солтүстікке көшіп келген қоныс аударушыларға үлестірілуі тиіс болған. Ал пәтерлерді иемденген шенділердің туыстары оны жекешелендіріп алуға әрекет еткен.Дархан ҚҰРАҚБАЕВ, ОБЛЫС БОЙЫНША СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ: Баспана беруге жауапты комиссия құрамында жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мамандары ғана болған. Қоғамдық ұйым өкілдерін кіргізбеген. Шешім қабылдау кезінде бейнекамераны сөндіріп қойған. Себебі пәтер берілген адамдардың мемлекеттік бағдарлама жеңілдігін пайдаланатындай еш құжаты болмаған. Орталық қызметкерлері баспанадан бөлек шағын және орта бизнеске берілетін гранттарды да талан таражға салған. Оны алдын ала сөз байласу арқылы өздерінің таныстарына берген. Және одан белгілі бір мөлшерде пайыздық үстеме ақы алып отырыпты. Қазір мемлекетке келтірілген шығын көлемі есептелініп жатыр. Ал заңсыздыққа барған шенділер жұмыстан қуылды.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Қазақстандық семсерлесушілер Әлем кубогында күміс жүлдегер атанды
Универсиада-2025: Қазақстандық хоккейшілердің ойын кестесі белгілі болды
Түркістанда тұрмыстық қалдықтар полигондарының 65%-ы санитарлық талапқа сәйкес емес
Қазақстандық құтқарушылар марапатталды
Өткен жылы еліміздің стационарларында 3,4 млн-нан астам науқас емделді
6 қаңтарға арналған ауа райы болжамы
700 млн теңге қолды болған: Шымкентте аудан әкімдігінің лауазымды тұлғасы сотталды
Түркістанда тұрмыстық қалдықтар полигондарының 65%-ы санитарлық талапқа сәйкес емес
Көлік Ертіске құлап кеткен: тірі қалған жалғыз жолаушы оқиға қалай болғанын айтты
Көктайғақ, тұман: синоптиктер бүгінгі ауа райына байланысты ескерту жасады
Бүгін Қазақстанның 10 қаласында ауа сапасы нашарлайды
Сирияда мемлекеттік қызметкерлердің жалақысы 400%-ға көбейеді
Көкшетауда 4 жасар бала 39 магнит жұтып қойған
Өткен жылы елдегі стационарларда 3,4 млн астам пациент емделді
Әзербайжан ТЖМ қазақстандық құтқарушыларды марапаттады
Әлемдегі ең қарт адам қайтыс болды
Елордадағы емханаларда Face ID жүйесі енгізілді
“Бұл өнердің шегі жоқ“. Каллиграфия арқылы әлемдік брендтерге ұсыныс алған қазақ қызы
Бүгін қай қалада ауа сапасы нашарлайды
1 қаңтардан бастап Қазақстанда зейнетақы мен жәрдемақы қанша теңгеге өсті?
Жаңақорған ауданында 124 отбасы баспаналы болды
Қысқы Универсиадада Қазақстан намысын қорғайтын спортшылар белгілі болды
Тұман, көктайғақ күтіледі: Бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды
Универсиада-2025: Қазақстандық хоккейшілердің ойын кестесі белгілі болды