Екібастұзда кәріз жүйесінің 90 проценті тозған. Биылдың өзінде екі үлкен ірі апат болды. Қаладағы кәріз құбырының 2,26 шақырымы апатты жағдайда тұр. Соның салдарынан құбыр арқылы қалдықтарды өткізу қиындаған. Бітеліп қалған кәріз жүйесі тұрғындарға да қолайсыздық тудырған. Сондықтан шаһар әкімдігі бұны толық жөндеу үшін техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялады. Ержан САЛХАНОВ, ЕКІБАСТҰЗ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:Екібастұздың 50 жылдығы көшесі бойынша өздігінен ағатын магистральдық кәріз коллекторында оның ұзақ пайдаланылуына және құбырдың тозуына байланысты құбырдың лайлануы орын алды. Соның салдарынан құбырдың өткізу қабілеті едәуір төмендеп, құбыр бойымен және көлденең жарықтар пайда болды. Құбырдың жоғарғы бөлігі опырылып, жиі авариялық жағдайлар туындауда.