Екібастұзда жылу қазандық тағы істен шықты. Бұл жолы жылу электр орталығының желілік құбырының тығыны жарылып кеткен. Салдарынан 3 бірдей қазандықтың жұмысы тоқтады. Мамандар ақауды қалпына келтірді. Бірақ, мұздап қалған пәтерлер жылыр емес. Мектептерде де жылу мардымсыз. Оқушылар қайтадан қашықтан оқуға көшті. Тұрғындар жылытқышты көптеп қосуға мәжбүр. Соның кесірінен көп қабатты үй өртеніп кете жаздады. Өрт сөндірушілер 20 адамды сыртқа аман алып шықты. Оның 4-і - бала.Аян НҰРТАЙ, ЕКІБАСТҰЗ ҚАЛАЛЫҚ ТЖБ БАС ИНЖЕНЕРІ: Өртті сөндіруге 12 қызметкер мен 3 техника жұмылдырылды. Өрт сағат 10.21-де оқшауланды. Сағ. 10.34-те жойылды. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталуда.