Екібастұзда төртінші қабаттан құлаған ер адам көз жұмды, полиция тергеуді бастады, - деп хабарлайды pavlodarnews.kz.Облыстық жедел жәрдем станциясы баспасөз қызметінің мәліметінше, 4 желтоқсанда сағат 22:16-да жоғарыдан құлау фактісі туралы шақырту түскен. Медициналық топ оқиға орнына бес минутта жеткен. "44 жастағы ер адам өмірмен сәйкес келмейтін жарақат алу салдарынан қайтыс болған", - деп хабарлады жедел жәрдем станциясы.Екібастұз полиция басқармасы аталған фактіні тіркеді. Тиісті сараптамалар тағайындалып, тергеу жүргізіліп жатыр