Екібастұзда тұрғын үй кезегіндегі 72 адам жаңа пәтер кілтін алды

Екібастұз қаласында кезекте тұрған 72 адамға жаңа пәтердің кілті табыс етілді. Тұрғын үй әлеуметтік осал санаттағы азаматтарға арналған. Баспаналы болғандар-көпбалалы отбасылар, ата-ана қамқорлығынсыз қалғандар мен ерекше бала тәрбиелеп отырған жанұялар. Гүлсім Баталова -екінші топтағы мүгедек. Ол 2011 жылдан бері баспана кезегінде тұрған. Бүгін екі бөлмелі пәтердің иесі атанды. Гүлсім БАТАЛОВА, ЕКІБАСТҰЗ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:14 жыл күттім. Бұл менің бірінші пәтерім, бірінші бақытым. Толық емес отбасымын, екі балам бар. Ұлым екеуміз тұрамыз, қызым тұрмыста. Үлкен рахмет. Тағы бір бақытты отбасы үш бөлмелі пәтерге ие болды. Бадахановтар әулетінде екі бала бар, кенжесі ерекше күтімді қажет етеді. Олар да алғашқы баспаналарын 12 жыл күткен. Айнұр БАДАХАНОВА, ЕКІБАСТҰЗ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Өте бақыттымын. Рахмет. Барлық туыстар келді. Біз бәріміз қуаныштымыз. Тұрғын үй «AMANAT» партиясының облыстық сайлауалды бағдарламасы аясында салынған. 2025 жылға дейін облыста екі миллион шаршы метрден асатын 15 мың пәтер беру жоспарлануда. Илья ТЕРЕНЧЕНКО, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:Үлкен, маңызды іс атқарылып, Екібастұз қаласында жаңа шағын аудан бой көтеруде. Жақын арада тағы бір үйдің, яғни 72 пәтердің кілті тұрғындарға табысталады. Және екі кіреберістік 100-ге жуық пәтер қолданысқа берілмек. Екібастұз қаласының экономикалық әлеуеті зор. Жергілікті партия мүшелерінің, міндеті – сайлауалды тапсырмаларды орындауға белсене атсалысу.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Түркістанда Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында үш медициналық нысан ашылды
Ұйықтар алдында мандарин жеуге бола ма?
«Елімнің бақытын тербеген Тәуелсіздік»
Көктөбеде мерекелік рух асқақтап тұр
2025 жылы туристер үшін ең қауіпсіз болатын 7 ел
Алматыда Шыңғыс Айтматовтың туған күніне орай дөңгелек үстел өтті
Қазақстандықтар Мальдив аралдары мен Тайландқа саяхаттаудан рекорд жаңартты
Алматыдағы психиатриялық орталықтағы қылмыстық іс бойынша сот жалғасуда
Екі облыста жол жабылды
«Мамандығым – бухгалтер»: әнші Сырым Исабаев он жыл бойы сахнаға неге шықпағанын айтты
«Мандарин қабығынан жасалған лосьоны бір айда беттегі әжімнің 90% кетіреді» - фейк
Шығыстағы шалғай ауылдарға шағын мектептер салынады
Доллардың бүгінгі бағамы
Екібастұзда этнос өкілі оқушыларға музыка арқылы қазақ тілін үйретіп жүр
16 желтоқсанда бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды
Кибершабуылдарды талдау орталығы мәлімдеме жасады
Талғардағы трагедия: КШТТО «ботофермаға» қатысты мәлімдеме жасады
Қазақстан шорт-тректен Сеулде өткен World Tour кезеңінде бесінші орынға ие болды
Нұрқожа Қайпанов әлемдік рейтингте үздіктер қатарына қосылды
Англияда үйде оқитын балалардың саны 111 мыңнан асқан
 Талғар қаласының әкімі лауазымына үш үміткер таласып жатыр
Алматыдан 712 шақырым қашықтықта жер сілкінді
Еркін елдің арманы асқақ, қадамы нық болады
Қазақ бапкерлері мен төрешілері Әбу-Дабидегі джиу-джитсуды дамыту бағдарламасына қатысты