Екібастұздағы сауда үйінде келушілердің бірі көз жұмды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.Оқиға Екібастұз қаласындағы сауда үйлерінің бірінде болды. Сауда үйіне келген адам ауырып, есінен танып қалған. Дәрігерлер келгенше оқиға куәгерлері жедел жәрдем шақырып, оған көмектеспек болған. "Ол аптап ыстықтан ауырып қалғанға ұқсайды. Өтіп бара жатқандар көмектесуге тырысты, бір адам оның жүрегіне массаж жасады. Қазір сыртта ауа температурасы 40 градусқа дейін көтеріліп жатыр, дүкендердің іші одан да ыстық. Кондиционерлер жұмыс істемейді. Мен мұнда сатушылардың күні бойы қалай тұратынын түсінбеймін", - деді куәгерлердің бірі.Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, "Сказка" сауда үйінде болған оқиға туралы хабарлама сағат 13:41-де түскен. Шақыру бірінші санаттағы дәрігерлер бригадасына берілді. Олар оқиға орнына 10 минутта жеткен. Жедел жәрдем келген кезде 68 жастағы ер адамда тіршілік белгілері болмаған. "Айналадағы адамдардың айтуынша, өтіп бара жатқан адам бірнеше минут бойы көмек көрсетуге тырысқан. Бригада дереу реанимациялық шараларды бастаған. Өкінішке орай, олар сәтсіз аяқталды. Жедел жәрдем келгенге дейін биологиялық өлім диагнозы қойылды", - деп хабарлады денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі. Ведомствоның хабарлауынша, облыста қатты аптап ыстыққа байланысты "103" қызметіне қоңыраулар көбейген.