Екібастұздан мыңнан астам оқушы сауықтыру лагерлеріне аттанды. Балаларды шығарып салуға, ата-аналардан бөлек, облыс әкімі, қала басшылығы мен "AMANAT" партиясының өкілдері жиналды. Жыл соңында Екібастұзда төтенше жағдай болып, халық жылусыз қалғаны белгілі. Соған сәйкес 1 мыннан астам оқушы еліміздің әр түкпіріндегі лагерлерге жолдама алды. Олар бір аптадай Бурабай, Зеренді, Түркістан, Абай, Алматы және Атырау облыстарында орналасқан сауықтыру кешендерінде демалады. Амира ЗИНАТ, ОҚУШЫ: Мен Көкшетау қаласына бара жатырмын. Бірінші рет лагерьге. Ұйымдастырған ұжымға көп рақмет! Көңіл күйім өте жақсы. "AMANAT" партиясына көп рақмет! Илья ТЕРЕНЧЕНКО, "AMANAT" ПАРТИЯСЫ ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ: "AMANAT" партиясының бастамасымен 1000-ға жуық бала демалыс орындарына аттанатын болады. 7 қаңтарға дейін 1300 баланы демалысқа жіберуді жоспарлап отырмыз. Біздің мақсат - төтенше жағдай кезінде жылусыз қалған балалардың көңілін көтеріп, жақсы демалыс сыйлау. Екібастұздық 50 бала қысқы демалысын Түркістан облысындағы спорттық-сауықтыру кешенінде өткізіп жатыр. Оқушылар мен оларды бастап келген ұстаздары өңірге түске таман келіп жеткен. Қонақтарды партияның Түркістан облыстық филиалы бастаған топ Шымкенттегі теміржол вокзалынан күтіп алды. Алтынсары ҮМБЕТӘЛИЕВ, "AMANAT" ПАРТИЯСЫ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ: Балаларды біз осы Түркістанға келгеннен кейін Түркістан қаласына апарсақ, сол бабамызға барып зиярат жасаса, сол жердегі біраз қаламызда білесіздер Түркістан қаласы қалай көркейгенін, сол қаламызды көрсетсек, қала берді біздің «Тау самалына» барып, сол жерде біраз іс-шараларымыз бар, өзіміздің сол балалармен өткізіп, онан кейін спорттық іс-шараларды да дайындап қойдық. Жас қонақтар Төлеби ауданындағы «Бәйшешек» демалыс аймағына жайғасты. Мұнда 15 жасқа дейінгі мектеп оқушылары қамтылған. Шыңғысхан ТҰРСЫНБАЙ, 6-СЫНЫП ОҚУШЫСЫ: Маған Түркістан өте қатты ұнады. Мен осы Түркістанда жаңа достар табамын деп үміттенем. Алдағы күндері Қожа Ахмет Яссауи кесенесін көруге үміттімін. Көтеріңкі көңіл-күйге бөленген балалар таулы аймақтың табиғатына тамсанып, ойынға бірден кірісіп кетті. Ырысалды ХАЖЫМҰРАТ, 7-СЫНЫП ОҚУШЫСЫ: Шымкентте өте әдемі. Таулар және біздің тұратын жеріміз өте әдемі. Тамақтар күшті. Біз мұнда ойындар ойнап жатырмыз. Табиғатқа қарап жатырмыз. Маған мына жер өте ұнайды. Ал Алматыдағы филиал 30 баланы Іле Алатауының етегіндегі шипажайға орналыстырды. Балаларға санаторлық емдеуден бөлек, мәдени экскурсиялар мен қаланың көрікті жерлерін тамашалайтын арнайы бағдарлама әзірленді. Қазбек ЖАМАЛБЕКОВ, "AMANAT" ПАРТИЯСЫ АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРУ-БАҚЫЛАУ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ: 3 қаңтар мен 9 қаңтар аралығында өзімізде жоспарланған бірнеше іс-шара бар. Ойын сауық дейміз, одан қалса жаңағы мұз айдыны бар, Медеу мұз айдыны, одан қалса біздің цирк және де басқа да көрсетілген бірнеше іс-шара бар. Ұзақ жол жүріп келген жеткіншектер Алматыдағы демалысты тағатсыздана күткендерін айтады. Нұрай АБАЙ, ОҚУШЫ: Мен осы сапарға көп дайындалдым, осы лагерьде жаңа достарымды таптым. Және де осы саяхат сәтті өтеді деп ойлаймын. Алматыға келу- менің бұрынан бері арманым. Алматыда мен Медеуге барғым келеді. Алматының таулары өте биік басқа жерлерге қарағанда. Қазақстанда әлем бойынша барлық әдемі жерлер жиналған деп ойлаймын. Таулары әдемі, маған ұнады. Жас меймандардың қысқы демалысын көңілді өткізу үшін өңірлерде ұйымдастырылған ауқымды шаралар 11-қаңтарға дейін жалғасады. А. Серік