Екінші сынып оқушысын итеріп жіберген елордалық мұғалім жұмыстан шығарылды

Екінші сынып оқушысын итеріп жіберген елордалық мұғалім жұмыстан шығарылды. Оқиға Астанадағы № 27 мектеп-лицейінде болған. Екінші сынып оқушысының әкесі өз шағымында дене шынықтыру мұғалімі сегіз жасар қызын қолымен итеріп, оған айқайлағанын айтқан. Астана қаласы Білім басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазір оқиғаны полиция тексеріп жатыр. Оқушы сот-медициналық сараптамадан өтеді. Сондай-ақ, Білім басқармасы № 27 мектеп-лицейінде қызметтік тексеріс жүргізгенін хабарлады. Тергеу барысында 2-сынып оқушысына қатысты мұғалім тарапынан педагогикалық этикаға сәйкес келмейтін мінез-құлық фактісі болғаны расталды. «Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 65-бабының 1-тармағына сәйкес дене шынықтыру мұғаліміне Педагогикалық әдеп жөніндегі кеңестің ұсынымы негізінде қатаң сөгіс түрінде тәртіптік жаза қолданылды. Мектептің 2023 жылғы 30 қаңтардағы №19 «жұмыстан босату туралы» бұйрығына сәйкес және Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 49-бабының 5-тармағына сәйкес аталған мұғалім жұмыстан шығарылды. Этикалық нормалар мен талаптарды сақтамау фактілерін болдырмау мақсатында мектеп ұжымымен профилактикалық жұмыс жүргізілді. Басшының тәрбие жөніндегі орынбасарына педагогикалық этиканың негізгі қағидаттарының сақталуын бақылау және мұндай жағдайларға жол бермеу тапсырылды», - делінген хабарламада.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Шыршаны безендіру дау-дамайдан кейін Семейде әкім ауысты
Семей қаласындағы мұғалімнің құлауы: облыстық білім басқарасы мәлімдеме жасады
Таразда күрестен халықаралық турнир мәреге жетті
Шыршаны безендіру дау-дамайдан кейін Семейде әкім ауысты
Мемлекет басшысы Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевті қабылдады
«Орда» деп барып опық жеді
Қазақстан Климаттық инвестициялық қордың (CIF) таза технологиялар қоры (CTF) комитетінің мүшесі болып сайланды
Картоп көш бастап тұр...
«Халықтың экологиялық мәдениетін дамыту тұжырымдамасы» бекітілді 
ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ: Алматы қаласы үшін тұрақты көлік қаңқасын қалыптастыру
Минскіде Қазақстан мен Беларусь Бас штабтарының басшылары кездесті
Жасыл технологиялар – болашақтың негізі
Елімізде 70 жыл бұрынғы температура рекорды жаңарды
Депутат: Аспанның құдайы - Air Astana
Отау құрудан Алматы көш басында
Жұмыс орнында қызметкерлердің орындықпен қамтамасыз етілуі заңмен қадағаланады
Денсаулық сақтау министрі Алматы жұртшылығымен кездесті
«Бурабай» емдеу-сауықтыру кешені еліміздегі үздік 20 кәсіпорынның қатарына енді
Криштиану Роналду ислам дінін қабылдады ма?
Апаттар медицинасы орталығы: Биыл 3 мыңнан астам адам құтқарылды
Биыл су қоймалары 75 миллиард текше метр су жинады
Ресейден ірі алаяқтыққа күдікті әйел экстрадицияланды
Тағы бір ел Tik Tok желісін пайдалануға тыйым салды
Тауға бармай тұра тұрыңыз