«Экономикалық саясат қару ретінде ашық қолданылуда»,- Президент

«Экономикалық саясат қару ретінде ашық қолданылуда»,- Президент

Біз бетпе-бет келіп отырған сын-қатерлердің ішіндегі ең қиыны – климаттың өзгеруі. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Астана халықаралық форумында бүгін осылай деді. Оның айтуынша Орталық Азия бұл қатерлерге қарсы тұру үшін алғы шепте болады. Астана халықаралық форуымында тағы қандай өзекті мәселелер көтерілді? Тілшіміз Бекболат Сатуов тарқатады.Бекболат САТУОВ, ТІЛШІ: Астана халықаралық форумына 1000-нан астам делегат қатысты. Олар -мәртебелі қонақтар мен халықаралық ұйымдардың жетекшілері, саясаткерлер және танымал шетелдік спикерлер. Осылайша форум ең үлкен диалог алаңына айналып отыр. Оны бір сөзбен «Азиялық Давос» деп атауға да болады. Шараға шетелдік бұқаралық ақпарат құралдары да тартылған. Жиында мемлекет басшысы Касым-Жомарт Тоқаев баршаны алдымен берік ынтымақтастыққа шақырды. Әсіресе бұрын-соңды болмаған геосаяси шиеленіс кезеңінде бізге мұндай қарым-қатынас өте қажет деді. Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ: Геосаяси қысымдар бір-бірімізді алшақтатып жатқанда біз бірігуге, ықпалдасуға, ынтымақтасуға, өзара қол ұшын созуға деген анық императивпен бетпе-бет келеміз. Бұл жердегі негізгі идея – осы. Осындай сәтте Астана халықаралық форумы аталған үрдісті кері бұру үшін тағы бір мүмкіндік береді. Сонымен қатар Президент Біріккен Ұлттар Ұйымы құрылған сәттен бері негізі қаланған әлемдік тәртіпке төнетін қауіп-қатерлер туралы айтты. Бұл ретте Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ бірден-бір жаһандық әмбебап ұйым болып қала беретінін, әрі бұл ұйым барша адамзат баласының мүддесі мен шынайы мұқтаждықтарына қызмет ететінін айрықша атап өтті. Президент әлемдегі жаңа дағдарыстың ықпалына пікір білдірді. Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ: Жікке бөлінушілік күші тек геосаяси мәселемен шектеліп қалмайды, оның экономикалық астары да бар. Экономикалық саясат қару ретінде ашық қолданылуда. Бұл қарама-қайшылықтар санкциялар мен сауда соғыстарын, мақсатты борышкерлік саясатты, қаржыландыру көздерінен шектеуді немесе жоюды, сондай-ақ инвестицияны бақылауды қамтиды. Сондай-ақ, геосаяси қиындықтарға қарамастан, қазір Қазақстан сенімді сауда-экономикалық серіктес ретінде Орталық Азияның экономикалық локомотиві рөлін атқарып отыр. Бұл тұста Транскаспий халықаралық көлік бағытының салмағы зор деді,-президент. Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев сын-қатерлердің ішіндегі ең қиыны - климаттың өзгеруі деді. Себебі 2050 жылға қарай ғаламдық ауа температурасы жоғарылайды деп күтілуде. Бұл құрғақшылыққа әкеп соғуы әбден мүмкін. Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ: Су мен климаттың өзгеру мәселесі өзара тығыз байланысты. Орталық Азия – су қауіпсіздігін сақтау тығыз әріптестік және бірлескен тиімді шараларды жүзеге асыру арқылы ғана шешілетін аймақ. Аймақтағы екі үлкен өзен Сырдария мен Әмудариядағы су деңгейі 2050 жылға қарай 15 пайызға түседі. Біз аймақтағы экологиялық апаттың алдын алу үшін Халықаралық Аралды қорғау қорын қолдауға көбірек қаржы бөлуге шақырамыз. Геосаяси шиеленістерге қатысты Біріккен ұлттар ұйымының Бас хатшысы да алаңдаушылық білдірді. Ол қазіргідей жағдайда тұрақтылықты сақтап тұру маңызды деді. Антонио ГУТТЕРЕШ, БҰҰ БАС ХАТШЫСЫ: Біз қазір қиын уақытта өмір сүріп жатырмыз. Бүгінде қақтығыстар мен геосаяси шиеленістер артып барады. Климаттық дағдарыс процесі үдей түсті. Бұл ретте тұрақты даму мақсаттары жаһанда бейбітшілік пен әл-ауқатты ұстап тұру жоспарына айналды. Сондықтан біз бар күш-жігерімізді жұмылдырып, бірлесе жұмыс істеу арқасында ғана аталған мәселелерді шеше аламыз. Соңғы жылдары Қазақстанның инвестициялық тартымдылығы арта түскен. Ұлттық экономика министрінің пікірінше, өткен жылы инвестиция рекордтық көрсеткішке жеткен. Әлібек ҚУАНТЫРОВ, ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРІ: Өткен жылы инвестициялардың рекордтық ағыны болды. Егер бұрын инвестициялардың шамамен 80%-ы мұнай-газ секторына құйылса, қазір 40%-ы біртіндеп төмендеді. Қазір инвесторлар басқа салаларға да қызығушылығы артқан. Біз инвестицияның өсуін көріп отырмыз. Форумға келген шетелдік делегаттар Қазақстанға инвестиция құюға ниетті екендерін айтты. Олар болашақта Қазақстанмен сенімді серіктес бола аламыз деп отыр. Роберт БРАЙАН, ДЕЛЕГАТ (АҚШ): Біз дәстүрлі түрде энергетикалық компаниялар үшін инфрақұрылымды қамтамасыз ету саласында жергілікті инженерлік фирмалармен жұмыс істейміз. Бұл- біздің Қазақстанға алғашқы сапарымыз, Орталық Азия өңірін енді ғана игере бастадық. Инфрақұрылымды жақсарту үшін бірлескен топ тауып, құрмақшымыз. Тим ЙЕО, ДЕЛЕГАТ (ҰЛЫБРИТАНИЯ): Менің биоотын өндіру саласында жұмыс істейтін ойым бар. Қазақстандық ұйымдармен, ҚазМұнайГаз басшылығымен және министрліктермен, сондай-ақ ауыл шаруашылығы министрлігімен талқылаймыз. Мұнда көптеген мүмкіндіктер бар екенін көріп отырмын. Қазақстандық шикізатты пайдаланғымыз келеді және авиаиндустрия үшін, ұшақтар үшін биоотын шығарғымыз келеді. Форум ертең де жалғасады. Инвесторлар үшін арнайы сессиялар мен конференциялар ұйымдастырылуда.

Ашаршылық куәгері. ғалым Мекемтас Мырзахметұлы дүниеден өтті
Ашаршылық куәгері. ғалым Мекемтас Мырзахметұлы дүниеден өтті
  • qaz365.kz
Қазақстандықтар тіс емдетуге 56,3 млрд теңге жұмсаған
Қазақстандықтар тіс емдетуге 56,3 млрд теңге жұмсаған
  • turkystan
Атырауда мұғалім педкеңестен кейін өзіне қол жұмсамақ болған
Атырауда мұғалім педкеңестен кейін өзіне қол жұмсамақ болған
  • turkystan
Қазақстан армиясы Орталық Азиядағы көшбасшы позициясын сақтап қалды
Қазақстан армиясы Орталық Азиядағы көшбасшы позициясын сақтап қалды
  • el.kz
Қазақстан құрамасы саблямен семсерлесуден тунисте өтетін гран-при кезеңіне қатысады
Қазақстан құрамасы саблямен семсерлесуден тунисте өтетін гран-при кезеңіне қатысады
  • baq.kz
Биыл Жетісу облысында 88 денсаулық сақтау нысанын іске қосу жоспарланған
Биыл Жетісу облысында 88 денсаулық сақтау нысанын іске қосу жоспарланған
  • el.kz
Техникалық колледжіндегі жымқыру дерегі бойынша
Техникалық колледжіндегі жымқыру дерегі бойынша
  • aqshamnews
  Танымал блогер педофилиямен айыпталды: балалар омбудсмені мәлімдеме жасады
Танымал блогер педофилиямен айыпталды: балалар омбудсмені мәлімдеме жасады
  • aikyn
Колумбиядағы ұшақ апатынан ешкім тірі қалмаған
Колумбиядағы ұшақ апатынан ешкім тірі қалмаған
  • sn.kz
Гвардейск гарнизонында тактикалық даярлық сабақтары өтті
Гвардейск гарнизонында тактикалық даярлық сабақтары өтті
  • el.kz
Әнші Төреғали Төреәлінің бала күнгі видеосы жарияланды
Әнші Төреғали Төреәлінің бала күнгі видеосы жарияланды
  • azattyq-ruhy
Қазақстандықтар тіс емдетуге 56,3 млрд теңге жұмсаған
Қазақстандықтар тіс емдетуге 56,3 млрд теңге жұмсаған
  • Massaget
Президент Мекемтас Мырзахметұлының отбасына көңіл айту жеделхатын жолдады
Президент Мекемтас Мырзахметұлының отбасына көңіл айту жеделхатын жолдады
  • aqshamnews
  Қазақстан әлем чемпионатында тарихи нәтижеге қол жеткізді
Қазақстан әлем чемпионатында тарихи нәтижеге қол жеткізді
  • aikyn
Алматыдан 77 шақырым жерде жер сілкінісі тіркелді
Алматыдан 77 шақырым жерде жер сілкінісі тіркелді
  • turkystan
Алматыға жақын жерде жер сілкінісі болды
Алматыға жақын жерде жер сілкінісі болды
  • azattyq-ruhy
Динара Зәкиева 10 жасар қыздарға хат жазған блогерге қатысты мәлімдеме жасады
Динара Зәкиева 10 жасар қыздарға хат жазған блогерге қатысты мәлімдеме жасады
  • baq.kz
Алматыға жақын маңда жер сілкінісі болды
Алматыға жақын маңда жер сілкінісі болды
  • azattyq-ruhy
Қазақстан әлем чемпионатында тарихи нәтижеге қол жеткізді
Қазақстан әлем чемпионатында тарихи нәтижеге қол жеткізді
  • penalty
  Оралда аумақтық қорғаныс бригадасының жаңа нысандары пайдалануға берілді
Оралда аумақтық қорғаныс бригадасының жаңа нысандары пайдалануға берілді
  • aikyn
Алматы маңында жер сілкінісі болды
Алматы маңында жер сілкінісі болды
  • sn.kz
Елордада 700-ге жуық жас сарбаз ант берді
Елордада 700-ге жуық жас сарбаз ант берді
  • baq.kz
«Қазақанимация» жас көрерменге үш жаңа жоба ұсынады
«Қазақанимация» жас көрерменге үш жаңа жоба ұсынады
  • aqshamnews
Қазақстандық оқушы әлемдік олимпиадада алтын медаль жеңіп алды (ВИДЕО)
Қазақстандық оқушы әлемдік олимпиадада алтын медаль жеңіп алды (ВИДЕО)
  • azattyq-ruhy
"Барыс" Қазанда аса тартысты матч өткізіп, қатарынан оныншы матчта жеңілді (ВИДЕО)
"Барыс" Қазанда аса тартысты матч өткізіп, қатарынан оныншы матчта жеңілді (ВИДЕО)
  • penalty
«Ақтөбе» оқу-жаттығу жиынына кімдерді шақырды?
«Ақтөбе» оқу-жаттығу жиынына кімдерді шақырды?
  • sport12.kz
«Барыс» овертаймда «Ак Барсқа» есе жіберді
«Барыс» овертаймда «Ак Барсқа» есе жіберді
  • sport12.kz
Сандуғаш Кенжебаева Анталиядағы турнирде топжарды
Сандуғаш Кенжебаева Анталиядағы турнирде топжарды
  • penalty
Әнуарбек «Мотиватор» мен Мұхит Амантаев көз арбасты (ВИДЕО)
Әнуарбек «Мотиватор» мен Мұхит Амантаев көз арбасты (ВИДЕО)
  • penalty
«Енді көшеде түкіретіндерді қатаң жаза күтіп тұр». Балаева заң жобасын түсірдірді
«Енді көшеде түкіретіндерді қатаң жаза күтіп тұр». Балаева заң жобасын түсірдірді
  • qaz365.kz
Теннистен қазақ қызы Анталиядағы турнирде чемпион атанды
Теннистен қазақ қызы Анталиядағы турнирде чемпион атанды
  • qaz365.kz
Әлиби Идрис UFC мен келісімшартқа қол қоюға жақын
Әлиби Идрис UFC мен келісімшартқа қол қоюға жақын
  • bassport.kz
Тоқаев “Қазақстан темір жолы“ басшысы Сауранбаевты қабылдады
Тоқаев “Қазақстан темір жолы“ басшысы Сауранбаевты қабылдады
  • TengriNews
Тоқаев әлемге белгілі кәсіпкер Ли Кай-Фуды қабылдады
Тоқаев әлемге белгілі кәсіпкер Ли Кай-Фуды қабылдады
  • TengriNews
ҰҚК ІІМ жоғары лауазымды қызметкерін ұстады
ҰҚК ІІМ жоғары лауазымды қызметкерін ұстады
  • TengriNews
Алматыда трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелеріне үкім шықты
Алматыда трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелеріне үкім шықты
  • TengriNews
Мектеп оқушысы вейп шеккеннен кейін қайтыс болды
Мектеп оқушысы вейп шеккеннен кейін қайтыс болды
  • TengriNews
Қазақстанда мереке күндері қарсаңында қосымша рейстер ашылады: тізім: 13 желтоқсан 2024, 10:06 - жаңалықтар Tengritravel.kz
Қазақстанда мереке күндері қарсаңында қосымша рейстер ашылады: тізім: 13 желтоқсан 2024, 10:06 - жаңалықтар Tengritravel.kz
  • TengriNews
Instagram-да қазақстандық музыка жоғалып кетті: Әділет министрлігі мен Meta келіссөздері: 06 желтоқсан 2024, 15:15 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Instagram-да қазақстандық музыка жоғалып кетті: Әділет министрлігі мен Meta келіссөздері: 06 желтоқсан 2024, 15:15 - жаңалықтар Tengrinews.kz
  • TengriNews
Қазақстандағы ұялы байланыс операторларына қатысты тергеу: не белгілі?: 04 желтоқсан 2024, 14:51 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Қазақстандағы ұялы байланыс операторларына қатысты тергеу: не белгілі?: 04 желтоқсан 2024, 14:51 - жаңалықтар Tengrinews.kz
  • TengriNews
Менің әйелім аяғын көтеріп қойып жатады, ештеңе демейсіңдер – әнші Тұрар Ыдырыс
Менің әйелім аяғын көтеріп қойып жатады, ештеңе демейсіңдер – әнші Тұрар Ыдырыс
  • sn.kz
«Не позорьтесь»: Коуч блогер қырындаған қыздардың аналарына үндеу жасады (ВИДЕО)
«Не позорьтесь»: Коуч блогер қырындаған қыздардың аналарына үндеу жасады (ВИДЕО)
  • sn.kz
Белгілі ғалым Мекемтас Мырзахметұлы өмірден өтті
Белгілі ғалым Мекемтас Мырзахметұлы өмірден өтті
  • TengriNews
Ержан Максим әлемдік ән байқауында жеңіске жетті
Ержан Максим әлемдік ән байқауында жеңіске жетті
  • TengriNews
Қазақстандық өнімдер импорттық тауарларға қарағанда көбірек қымбаттаған
Қазақстандық өнімдер импорттық тауарларға қарағанда көбірек қымбаттаған
  • Otyrar
Ақтауда сарбаздың бетінен атқан офицердің соты ашық өтіп жатыр
Ақтауда сарбаздың бетінен атқан офицердің соты ашық өтіп жатыр
  • turkystan
Жалған мүгедектік құжатын жасатқандар бар
Жалған мүгедектік құжатын жасатқандар бар
  • Otyrar
Зейнетақы мен жәрдемақы қаншаға көбейді?
Зейнетақы мен жәрдемақы қаншаға көбейді?
  • Otyrar