"Экономиканың маңызды саласы саналатын туризм әзірге тиімді болмай тұр",-Президент

Елдің оңтүстігі мен орталығын байланыстырып тұрған "Астана-Алматы" тас жолы биыл толық аяқталуы тиіс. Созбалаңға салынған жол құрылысы аймақтардың туристік әлеуетін толық ашуға мүмкіндік бермей отыр. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев туризмді дамыту жөніндегі кеңесте осылай деген болатын. Президент туризм саласында ақсап тұрған бірқатар мәселені атады. Тұмса табиғатымыз бен бай әрі бірегей тарихи-мәдени мұрамыз бар екеніне қарамастан, туризм саласындағы әлеуеттің толық пайдаланылмай отырғанын сынға алды. Бұған мамандар не дейді? Тілшіміз тарқатып айтады. Қазақстан туризмдік іскерлік тұрғысынан 119 елдің ішінде 70-орында тұр. Бұл мақтанатын көрсеткіш емес. Демек, салада бизнес жүргізуге қолайлы жағдай жасалмаған. Сол себепті туристер нөпірі артқанына қарамастан, курорттық аймақтардағы орын саны өспек тұрмақ, керісінше, азайып барады. Алакөл демалыс аймағының Жетісу облысы жағы мен Алматы тау кластері көш соңында келеді. Президенттің пікірінше, отандық туризмді тежейтін елеулі түйткілдің бірі – көлік инфрақұрылымының нашарлығы. Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:Құрылысы аяқталмай жатқан тағы бірнеше жоба бар. Бұлар – Атырау – Астрахань, Талдықорған – Өскемен, Мерке – Бурылбайтал, Ақтөбе – Қандыағаш, Казталовка – Жәнібек бағыттары. Бір сөзбен, мұндай ахуал аймақтардың туристік әлеуетін толық ашуға мүмкіндік бермей отыр. Оның үстіне, жол жөндеу жұмыстарының сметалық құны жыл сайын қымбаттайды. Үкімет осы құрылыстарды биыл толық аяқтауы керек. Еліміздегі теміржол саласы сын көтермейді. Вагондардың көбі әбден ескірген. Кейбір вагондарда, тіпті, кондиционер де жоқ. Үкімет алдағы бес жылда вагондар паркін жаңартуы тиіс деді,-Президент. Демалыс орындарымен логистикалық байланыстың нашарлығы ішкі туризмге ғана емес, шетелдік қонақтардың да келуіне әсер етеді. Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:Бүкіл туриске бір бағдарлама ұсынуға болмайды. Ол үшін жоғары білікті мамандар керек және сапалы жұмыс істеу қажет. Алдағы бес жылда елімізге келетін туристер санын екі есе, тіпті үш есе арттыруға мүмкіндігіміз бар. Әуе тасымалы саласын дамыту қажет. Ең алдымен, танымал әуе бағыттарындағы лоукостерлердің санын көбейту керек. Президент туристік аймақтарды инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету ісін де ұмытпай қажет деді. Бұдан өзге, Үкіметтің барлық өңірде бір мезетте 20 туристік аймақты дамыту жоспарын сынға алды. Себебі бұл процес ұзақ уақытты алады. Сондықтан қысқа мерзім ішінде Алматы өңірінің тау кластері, Маңғыстау жағажай туризмі және Щучье-Бурабай курорттық аймағын дамытуды тапсырды. Бұл ұсынысты туризм өкілдері де қолдап отыр. Ернұр КЕНЖЕБЕКОВ, "KAZAKH TOURISM" ҰЛТТЫҚ КОМПАНИЯСЫНЫҢ ӨКІЛІ:Туристік тұрғыда жақсы жоғары дамыған жерлерді, одан әрі мемлекеттік тұрғыда халқаралық дәрежеге жеткізіп дамытайық деген ұсынысы болды. Оны жеке басым қатты келісемін. Жоғарғы дәрежеге көтерсек ол еліміздің түристік тұрғыда имиджін көтереді деген сенім бар. Сондай-ақ, туризм саласында ақсап тұрған тағы бір мәселе ол- кадр тапшылығы. Себебі сапалы маман болмай, туристерге жағдай жасау екіталай. Сондықтан қазір осы бағытта жұмыс істеп жатқан жоғары оқу орындарының бірі халықаралық туризм және меймандостық университеті мамандарды даярлауда ерекше бастаманы қолға алды. Енді студенттер 4 жылда емес, үш жыл ішінде дайын маман болады. Теория емес, практиканы көбейтіміз дейді. Әлібек ШОҚПАРОВ, ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРИЗМ ЖӘНЕ МЕЙМАНДОСТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ РЕКТОРЫ:Біз өз тарапымыздан көретін мәселе тиісті салаға жұмыс жасайтын сапалы кадрларды даярлау мәселесі. Арнайы біз өзіміздің серіктестерімізбен, туризм саласындағы кәсіпорындармен кездесу өткіздік.Кадр сапасын қалай жақсартуға болады? Бұның жалғыз, анық жолы ол біз жаппай барлық біздің оқу үдерісімізді дуалды жүйеге көшірдік. Туризм саласына инвесторларды тарту үшін ашық әрі тұрақты жағдай қажет. Үкімет пен өңірлердің әкімдері курорттық аймақтар құрылысының Бас жоспарын цифрлық нұсқаға көшіруге кірісіп, оған ашық қолжетімділікті қамтамасыз еткені жөн. Әлеуетті инвестордың бос жер телімдері туралы маңызды ақпарат алуға мүмкіндігі болуы тиіс. Мемлекет басшысы әлемнің түкпір-түкпірінен шетелдік IT-мамандарды, яғни «цифрлық көшпенділерді» тарту ісіне айрықша мән беру қажет деп санайды. Үкіметке биыл қазан айынан бастап арнайы Digital Nomad Visa және Digital Nomad Residency бағдарламаларын іске қосуды тапсырды.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Қарттар неліктен жалғыздықтан ауырады? Психолог түсіндірді
«Ешкім кездесуге шақырмайды»: Назым Қызайбай жан сырын ақтарды
Жетісуда «Жаркент-Қорғас» автомобиль жолының негізгі учаскесі ашылды
Жетісуда «Жаркент-Қорғас» автомобиль жолының негізгі учаскесі ашылды
Қарттар неліктен жалғыздықтан ауырады? Психолог түсіндірді
«Ешкім кездесуге шақырмайды»: Назым Қызайбай жан сырын ақтарды
Түркияда автобус апатқа ұшырап, 30 адам зардап шекті
Сегіз адам қар құрсауынан құтқарылды
«Тоқал болғым келеді» – танымал блогер
Түркістан облысында 12 жастағы оқушы smart сарқыраманың моделін құрастырды
Алматыда басшылық қызмет атқарған екі адам 150 млн жымқырған
Павлодарда жол апатынан 16 жастағы жасөспірім көз жұмды, екі жеткіншек ауруханада жатыр
Алмас Кішкенбаев сахнаға қайта оралғанын жеткізді (ВИДЕО)
Қарағанды облысында ер адам танысының шотынан ақша ұрлап кеткен
Шорт-трек: Италиядағы турнирде ел қоржынына екі алтын түсті
ТЖМ құтқарушылары қар құрсауында қалған 8 адамды құтқарды
Алматылық еріктілер 10 мыңға жуық есірткі жарнамасын жоюға көмектесті
Теннисші Жібек Құламбаева Португалиядағы турнирде жеңіске жетті
Павлодарда көпқабатты тұрғын үйде лифт шахтасы өртенді
Арақ VS шарап. Ағзаға ең зиян ішімдік қайсы?
World Boxing Азияда жаңа бокс конфедерациясы құрылғанын хабарлады
Атырау облысында жаңа өрт сөндіру бөлімі ашылды
Nature Human Behaviour: Интернет қарт адамдарға оң әсер етеді
Димаштың тыңдармандары Германияда бас қосты