Нью-Йорктің қазылар алқасы экс-президент Дональд Трампқа қарсы қозғалған қылмыстық іс бойынша айыптау үкімін шығарды. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі dw.com сайтына сілтеме жасап хабарлайды.Трамп барлық 34 бап бойынша кінәлі деп танылды. Ол 34 бұрмаланған жазбалардың әрқайсысы бойынша төрт жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Экс-президент 136 жылын түрмеде өткізуі мүмкін. Судья Хуан Меркан 11 шілдеде өтетін арнайы сот отырысында үкім айтады.АҚШ президенті Джо Байден әкімшілігінің өкілі Трамптың үкімінен кейін: Ақ үй "заң үстемдігін құрметтейді",-деді. Джо Байденнің өзі Трампқа қарсы айыптау қорытындысын 5 қарашада АҚШ-та өтетін президенттік сайлау алдындағы үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу үшін пайдаланды. Сот залынан шыққанда Дональд Трамп журналистерге қазылар алқасының үкімі соңғы емес екенін айтты. Экс-президент: "Біз күресуді жалғастырамыз. Біз соңына дейін күресеміз және жеңеміз", - деді. Үкім жарияланғаннан кейін көп ұзамай Трамптың адвокаты Тодд Бланш қазылар алқасының шешіміне шағымданатынын айтты.