Астанада ауа температурасы минус 30-дан асты. Осындай сарышұнақ аязда көшеде жеңіл күртемен жүрген жанды көрсеңіз не істер едіңіз? Тұра қалып, киіміңізді шешіп берер ме едіңіз? Тілшіміз Дәрібек Бахытбек әлеуметтік эксперимент жүргізді. Дәрібек БАХЫТБЕК, ТІЛШІ: Уууу суығын ай. Тоңып тұрмын. Мынадай аязды күні сырт киімсіз жүру мүмкін емес. Елестете алмайсың. Бірақ, менің осы кейпімді көрген жұрт көмектесе мекен? Көрейік. Күн суық. Сондықтан аялдамаларды паналадым. Айналада адам көп. Қатты тоңғанымды айтып, қасымдағылардан көмек сұрадым. Нақты айтқанда, сырт киіміңізді бересіз бе деп белшеден бастым. Дірдектеп тұрған маған жұрттың көбі мән де берген жоқ. Ал бірі аяп, үйге жүр қалың киім беремін десе, бірі ақша беремін өзің дүкеннен сатып ал деді. Жаураған жанымды адамдардың жылуы жылытты. Жаңашырлық танытып бас киімін, мойын орағышын бергендерге шексіз алғыс білдірдім. Көшеде ұзақ жүре алмадық. Үскірік аяз өңменнен өтіп барады. Әрі қарай шыдай алмадық. Көпшілікке әлеуметтік эксперимент екенін айттық. Алдағы күндері аяз тіпті күшіне мінеді. Жылы киініп жүріңіздер!