Эквадорда Ұлыбританияның Гуаякилдегі құрметті консулы Колин Армстронгты ұрлап кетті. Kazinform бұл туралы ТАСС-қа сілтеме жасап хабарлайды.Агенттіктің хабарлауынша, ұрлау оқиғасы сенбі күні таңертең Лос-Риос провинциясында болған. Бұл жөнінде Эквадор полициясы X әлеуметтік желісінде (бұрынғы Twitter) жазды. «Бүгін таңертең Лос-Риода болған кәсіпкерге қатысты болжамды қылмысқа байланысты Эквадор полициясының мамандандырылған бөлімшелері жедел-іздестіру шараларын жүргізіп жатыр», - деп хабарлады. Полиция келтірген мәлімет бойынша, консулмен бірге тағы бір адам ұрланған.