Ел аман, жұрт тынышта із-түзсіз жоғалатындар көбейді

Жыл сайын елімізде мыңға жуық адам із-түзсіз жоғалады. Соңғы бес жылда 17 мыңнан астам адамға іздеу жарияланса, соның 6 мыңнан астамының тағдыры әлі күнге дейін белгісіз. Айдың-күннің аманында адамдар қайда кетеді? Хабар-ошарсыз жоғалғандарды қалай іздеу керек? Әріптесім толығырақ тарқатады. Ақбота БАЗАРБАЙ, ТІЛШІ: Алдымен бір хабарламаңыз жауапсыз қалады. Кейін он, одан әрмен сіздің қоңырауыңызға жауап қатпайтын болады. Уақыт өте байланыстың бәрі үзіледі. Қайда? Кіммен? Ет жақының аяқ асты жоғалып кетсе, не істеу керек? Әрине, ентелеп, ентігіп айналаңды, барады-ау деген жерлерден іздейсің. Адамдардан көмек сұрайсың. Ал көмек қолын созатындар бар ма?... - Мына баланы көрмедіңіз бе? - Жо-жоқ! - Іздеп жүрген едім. Жаңа ғана қасымда еді. Өтпеді ме осы жерден? - Барыңыз да Артемның администрациясына кірсеңізші, или мына Аймақ таудың сосын немен айтсын да, камерамен көреді. - Айғайлап айтады. - Менімен бірге іздесе аласыздар ма? - Жоқ, жоқ. Біз кетейік деп жатырмыз. Ренжімеңіз. Кетейік деп жатырмыз. - Көрмедіңіз бе? Інім еді, осы маңда қалдырып кеткенмін. Іздесуге көмектесе аласыз ба? Осы жерге келген адамдардан сұрап... - Көрген жоқпын ондайды. - Мына баланы көрген жоқсыз ба? Осы жерден. Інім еді. - Нет, не видели. - Көмектесе аласыз ба іздеуге? - Нету ничего у меня. - Іздесуге көмектесіп жібере аласыз ба? - Ал қалай ол көмектескенде? Қалай іздеймін оны. - Мына баланы көрмедіңіз бе? Осы маңайға тұрғызып кеткен едім. - Қайсы жерге? - Ана жерге қойып кеткенмін. 10- 15 минут болды. Жүгіріп келсем уже орнында жоқ. Менімен жүріп көмектесе аласыз ба? - Өй мен кетіп бара жатырмын. Оқиғаға бей-жай қарағандар көп болды. Тек бір адам телефонын алып, полицияға хабарласты. Статистика бойынша, жыл сайын 2500-3000 адам жоғалады. Оның 300-ге жуығы мүлдем із-түзсіз кетеді. Дені-30-49 жас аралығындағы ер адамдар. Және қараусыз қалған балалар кетіп қалады. Ойнап жүр деген ата-ана баласының жоғалғанын кеш байқап жатады дейді мамандар. Нұрғали АСЫЛХАН , ҚАЛАЛЫҚ ПД КРИМИНАЛДЫҚ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСТЫҒЫ: Ата-ана 102 каналына қоңырау шалып, бізге хабарласады. Сол қоңырау шалып, нағылған уақыттан бастап, полиция қызметкерлері сол аумақты зерттеп, сол баланың қай жақта екенін анықтап, әке-шешесіне табыстаймыз. Жақыны жоғалған адам бірінші тұрғылықты жердегі полицияға хабарласуы керек. Азаматтың жоғалып кеткені туралы арыз жазып, жақында түсірілген фотосуретін береді. Әрбір арыз бойынша полиция қызметкерлері сауалнама жүргізуге құқылы. Жедел іздестіру топтары пәтерлер мен басқа да жерлерді куәгерлердің қатысуымен тексеретін болады.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Шымкентте екі қабатты мейрамханадан өрт шықты
Астанада әлі тумаған егіздерге ота жасалды
Садриддин Ахмедов АҚШ-тағы жеңісінен кейін марқұм Шерзат Болат туралы айтты
Алматыда ҚР ІІМ еңбек сіңірген қызметкері Джанысбек Құсманғалиевке ескерткіш тақта ашылды
Алматыда Бизнес хаб пен студенттік емхана ашылды
Сириялықтар Асад билігінің құлауын тойлап жатыр
Доллардың бүгінгі бағамы
Нұрсұлтан Назарбаев Владимир Путинмен кездесті
Колония тәрбиеленушілері өлеңдерін Тәуелсіздікке арнады
ТЖМ құтқарушылары-2024 жылғы жастар сыйлығының лауреаттары
Президент 2024-2026 жылдарға арналған бюджетке түзету енгізді
Анасы түрмедегі ұлына телефон кіргізбек болған
Онлайнда әйелдер ерлерден көп уақытын өткізеді
Семейде 22 жастағы жігітті азаптап өлтірген күдікті 12-ақ жылға сотталды
Михаил Кавелашвили Грузия президенті болып сайланды
Астанада әлі тумаған егіздерге ота жасалды
Қоғамдық сенім және әлеуметтік капитал тақырыбында халықаралық конференция өтті
Қазақстан полициясы қызметін күшейтілген нұсқаға ауыстырды
Оңтүстік Корея президентіне импичмент жарияланды
Бір ғана үміткер қатысты: Грузияда президент сайлауы өтті деп жарияланды
Атырауда алғаш рет “Есірткіге жол жоқ“ жастар форумы өтті
Еліміздегі он бірінші хаб Түркістанда ашылды
Елімідегі он бірінші хаб Түркістанда ашылды
Елордада егіз балаға жүкті әйелге жатырішілік операция жасалды