Еліміз соңғы бір жылда дүниежүзілік армия жасақтарының қуаттылығы жөнінен алты сатыға көтерілді. Бұл әскерді күшейту заман талабы екенін көрсетті. Мұны Мемлекет басшысы Жолдауда да айтқан еді. Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан әскері жоғары технологиялық қару-жарақ пен әскери техника, заманауи ұшу аппараттарымен қамтамасыз етілуі керек - деді. Сарапшылар Президент пікірін қолдайды. Ел болашағы тікелей қорғанысқа байланысты екенін айтады. Мұхтар СЕРІКБАЕВ, ӘСКЕРИ ҒЫЛЫМ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ: Қуатты әскер - ел болашағы. Біз қазір геосаяси кезеңде өмір сүріп жатырмыз. Барлық жағдайға дайын болуымыз керек. Ол үшін армияны дамыту маңызды. Президент Жолдауда қорғасын саласын отандық кәсіпорындардың қатысуымен өрістетуді тапсырды. Бұл - өте дұрыс. Қару-жарақтарды жетілдіріп, заманауи құрылғыларды көбейту керек. Техниканы жетілдіру маңызды. Қайрат ЕЛУБАЕВ, ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ, АУҒАН СОҒЫСЫНЫҢ АРДАГЕРІ: Әр мемлекеттің ең бірінші мақсаты – Отанды қорғау. Сол себепті бүгінгі күні әскери потанциалды көтерген өте маңызды. Әлібек ТАБЫЛДИНОВ, А.БАЙТҰРСЫНҰЛЫ АТЫНДАҒЫ ҚОСТАНАЙ ӨҢІРЛІК УНИВЕРСИТЕТІ ФАКУЛЬТЕТІНІҢ ДЕКАНЫ: Аса маңызды саланың бірі бұл қорғаныс -өнеркәсіп саласы.Және де мемлекет басшысының жолдауында оны арттыру,оны күшейту, оны дамыту ойлары айтылды.Әскери саланы ең үстем,ең үздік технологиямен қамтамасыз ету деген бұл біздің мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі болып саналады.