Ел болашағы үшін Қорғаныс саласын күшейту маңызды. Әскери сарапшылар осылай дейді. Қазақстан әскері жоғары технологиялық қару-жарақ пен әскери техника, заманауи ұшу аппараттарымен қамтамасыз етілу керектігін айтады. Бұл туралы Президент Жолдауда айтты. Мемлекет басшысы қорғаныс саласын отандық кәсіпорындардың қатысуымен өрістетуді тапсырды. Мамандар бұл қазақ армиясын өркендететіне сенімді. Ержан АЙТАҚОВ, ҚР ҚМ ӘСКЕРИ-ТЕХНИКАЛЫҚ САЯСАТ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСТЫҒЫ: Бізге компоненттер мен қосалқы бөлшектерді өндіру қажет. Сонда импортқа тәуелділіктен арыламыз. Әскери техникамыз да жаңарады. Президенттің Жолдауда айтқан бастамаларын қолдаймын. Қорғаныс министрлігі, өз кезегінде, айтылған тапсырмаларды жүйелі орындауға атсалысады. Ербол БЕГІЛДАЕВ, ҚР ҚМ ӘСКЕРИ-ТЕХНИКАЛЫҚ САЯСАТ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Құрлық әскерлері үшін «Қазақстан» кәсіпорнында броньдалған машиналар шығарылады. Сонымен қатар «Семей инженерик» кәсіпорнында танктерге, жаяу әскер машиналарына және транспортерларға күрделі жұмыстар жүргізілуде. Ал, әуеқорғаныс күштері үшін «Алматы гранит» кәсіпорнында GM-403 үш кординаторлық станциялар шығарылып жатыр.