Көпшілік көзінен көрінбей кеткен Еркін Нұржанов қазіргі таңда қайда жүргенін айтты. "Ұйқым келмейді" бағдарламасына келген "Жігіттер" тобының бұрынғы әншісі көрінбей кетуінің себебін баяндап берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ."Қазақ "Ер азығы мен бөрі азығы жолда" деп айтады ғой. 8-9 жылдың жүзі болды Шымкентке қоныс аудардым. Бірақ кейінгі уақытта жұмыс бабымен, жоспарлармен Алматыға қоныс аударып жатырмын. Көбіне Шымкенттеміз. Кәсіп ашпадым, икемім жоқ. Алла қаласа, Қазақстанның әр өңірінде жеке шығармашылық кешімді өткіземін. Тараз қаласынан басталады", - деді Еркін Нұржанов.