Елде жиһаз өнеркәсібі соңғы 10 жылда болмаған дағдарысқа ұшырады

Елімізде жиһаз өнеркәсібі соңғы 10 жылда болмаған шығынға ұшыраған. Оған не себеп? Елдің инвестициялық тартымдылығын арттыру үшін үкімет қандай шараларды қолға алды? Осы және өзге де ақпараттар «Экономика жаңалықтарында».ЖИҺАЗ ӨНЕРКӘСІБІ ДАҒДАРЫСҚА ҰШЫРАДЫ Елімізде жиһаз өнеркәсібі соңғы 10 жылда болмаған шығынға ұшырады. Себебі пандемия кезінде саладағы өнеркәсіп өндірісі айтарлықтай төмендеген. Содан бері елдегі жиһаз өнеркәсібі қалыпқа келе алмай келеді. Салдарынан былтыр жыл басында еліміздің жиһаз өнеркәсібінде 1516 заңды тұлға тіркелген болса, биыл қаңтарда аталған көрсеткіш 8% төмендеді. Соған байланысты жиһаз бағасы өскен. Бұл, әрине, инфляциямен де байланысты. Отандық өнімді алушылар азайған. Ал экспорт тіпті нашар. Көрсеткіш тауарлық позициялар бойынша қолда бар ресурстардың 1 процентіне де жетпейді. ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ТАРТЫМДЫЛЫҚ Қазақстан экономикасы оң өсу қарқынын көрсетіп, инвестициялық тартымдылығын сақтап қалды. Өткен жылы республикаға тартылған тікелей шетелдік инвестициялардың жалпы көлемі 17,8%-ке өсті, ол- 22,1 млрд$. Премьер министрдің төрағылығы мен өткен жиында ашық салық саясатын жетілдіру мәселесі талқыланды. Фискалдық реттеуді қайта қарау үшін қазір жаңа Салық кодексі әзірленіп жатыр. Ол салықтық бақылауды цифрландыруды, сараланған мөлшерлемелерге көшуді, технологиялық жаңғыртуды ынталандыруды, арнаулы салық режимдерін оңайлатуды көздейді. Әлихан СМАЙЫЛОВ, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ: Жаңа экономикалық жағдайда ҚР Үкіметі шетелдік инвесторлардың жұмысы үшін қолайлы жағдай жасап келеді. Бизнес-жобаларға тұрақты негізде фискалдық және фискалдық емес жеңілдіктерді, сондай-ақ преференцияларды қамтитын жан-жақты қолдау көрсетіліп отыр.КАРТОП ЭКСПОРТЫ 18,5 % ӨСКЕН Былтыр елімізде 4,1 млн тонна картоп жиналды. Бұл 2021 жылмен салыстырғанда 1,2%-ға көп. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы хабарлады. Оның ішінде ауыл шаруашылығы кәсіпорындары 588 мың тонна өнім өндірген. Ал жеке кәсіпкерлер мен шаруа немесе фермер қожалықтары – 1,5 млн тонна өнім берді. Қалғаны үй шаруашылықтарының үлесінде болды. Нәтижесінде өндіріс көлемінің ұлғаюымен бірге картоп экспорты да өсті.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Күдікті ұсталды: Алматыда белгісіз біреулер 20 жастағы жігітті пышақтап кетті
«Жарайсың, бауырым»: Басы дауға қалған Черчесов қазақ тілінде «жазып кетті»
Басы дауға қалған Черчесов қазақша жазба жариялады
Келер жылы қазақстандықтар міндетті медициналық сақтандыруға қанша төлейді
Дзюдо күресіне өзгерістер енгізілді 
ҰБТ-ны қайта тапсыру керек пе? Қаңтар айындағы тестілеуге тіркелудің уақыты келді
Черчесов ағынан жарылды
«Аяз, тұман»: Еліміздің 15 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Тұман, жел, көктайғақ: 25 желтоқсанға ауа райы болжамы жарияланды
Черчесов кетпейтін болды
Жаңа жылға сыйлық: ерекше смартфон сатылымға шықты
Германияда бір отбасы үйінде 605 шырша орнатты
Бүгін 11 қалада ауа сапасы нашарлайды
БҚО-да алғашқы жайлы мектеп ашылды
Өскемен мен Талдықорғанды жалғаған республикалық трасса ашылды
Жылды қалай дұрыс аяқтау керек? Жылды қорытындылау несімен пайдалы?
Елімізде адағы үш күнде ауа райы қандай болады
Қарағандыда 94 медицина қызметкерінің отбасы қызметтік пәтер алды
«Көзін ойып, тістерін қағып алған»: Алматыда ауладан табылған әйелдің анасы сұмдық жайттың бетін ашты
Енді қонағыңыз үйіңізде ұзақ жатып қалса, айыппұл төлеуіңіз мүмкін
Қазақстандықтар қаңтар айында қанша күн демалады?
Абай облысының 101 жастағы тұрғынына жаңа құжат табысталды
25 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
“57 млн жымқырған“. Әйелінің туыстарын алдаған астаналық сотталды