Өткен апта ішінде елімізде 7 адам өлімі тіркелді.«Бір апта ішінде 3003 қылмыс жасалды, оның 1811-і тәулік ішінде ашылды. Полиция қызметкерлері ізін суытпай 7 кісі өлтіруді, 4 өлімге әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіруді анықтады. Одан бөлек, 30 тонау және 369 бөтен мүлікті ұрлау қылмыстарын ашты», - деді Ішкі істер министрлігінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек ведомствода өткен баспасөз мәслихатында. Бұған дейін хабарлағанымыздай Республика күні барлық өңірде жедел штаб жұмыс істейді. Ішкі істер министрлігі өкілінің мәліметінше, мереке күні қоғамдық тәртіпті 20 мың полицей мен Ұлттық ұлан әскері бақылайды.