Елдегі саяси оқиғаларға қоғамның қызығушылығы айтарлықтай артқан. Бұл туралы елордада өткен "Sarap" сарапшылар клубының отырысында айтылды. Қазақстандық қоғамдық даму институты ұйымдастырған шараға саясаттанушылар, қоғам қайраткерлері және сарапшылар қатысты. Жиында сайлаушылардың белсенділігі туралы сөз қозғалды.Риззат ЕЛЮБАЕВ, САЯСАТТАНУШЫ: Бүгінгі таңның өзінде 53 пайызға жуық адамдар егерде, келесі жұма сайлау болама десе қатысамын дегенді белгілеген екен. Ал маңызды 34 пайызға жуық қоғам бөлігі әлі толыққанды шешім қабылдамадым деген. Сол себепті алдағы саяси партиялар, жеке кандидаттар осы әлі күнге дейін шешім қабылдамаған азаматтардың даусы үшін бәсекеге түсу керек.