Елдегі саяси өзгерістер бүгінгі реформалардың темірқазығына айналды – Ерлан Қошанов

Мәжіліс Төрағасы Ерлан Қошанов «AMANAT» партиясынан сайланған барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының алғашқы республикалық форумында сөз сөйледі.«Елімізде үш жарым мыңға жуық мәслихат депутаты болса, соның екі жарым мыңы, яғни 75 проценті бүгін осы залда отыр. Сондықтан мұндай басқосулар билік тармақтарының өзара байланысын нығайтып, ортақ конструктивті шешімдер қабылдауға жол ашады деп сенемін. Бүгінгі форумның басты мақсаты – мемлекет пен қоғам алдында тұрған, халықты толғандырып отырған өзекті де өткір мәселелерді бірлесіп, ашық талқылау, олардың шешу жолдарын іздеу. Бұл – уақыт талабы», - деді ол. Мәжіліс спикері атағандай, Мемлекет басшысының реформалары болашақтың дамуына кепілдік болып отыр. «Әлемдегі күрделі геосаяси, геоэкономикалық ахуалды көріп-біліп отырсыздар. Осындай аумалы-төкпелі кезеңде ел Президенті бұрын-соңды болмаған түбегейлі институционалды өзгерістерді қолға алды. Бұл бір жағынан орасан тәуекел болса, екінші жағынан мемлекеттік басқару жүйесі мен қоғамды сауықтырудың, жаңару мен жаңғырудың жалғыз әрі төте жолы. Халқымыз бұл өзгерістерге терең түсіністік танытып, қызу қолдап отыр. Ең бастысы, Мемлекет басшысының реформалары іс жүзінде нәтижесін беріп те жатыр. Барлық салада ілгерлеушілік бар. Өткен бір жылдың ішінде бес бірдей тағдыршешті саяси науқан өткіздік. Елдегі саяси өзгерістер бүгінгі реформалардың темірқазығына, болашақтағы ел дамуының кепіліне айналды. Біз осы жолдан айнымаймыз», - деді Ерлан Қошанов. Айта кетейік, еліміздің барлық өңірінен Мәжіліс пен мәслихаттардағы фракция мүшелері саяси іс-шараға жиналды.Бүгінгі Форумға жалпы 2500-ден астам партияластар қатысып жатыр. Форум барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың реформаларын жүзеге асыру аясында өңірлерді дамыту, сондай-ақ мәслихаттардың өкілеттіктерін кеңейту мәселелері талқыланады.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Адам қанша литр шай ішкеннен кейін өліп кетуі мүмкін?
16 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
Тоқаев қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады
Бүгін қазақтың бұлбұлының туған күні!
Нұрдәулет Ақыш, филология ғылымының докторы: Тұғырлы тәуелсіздігіміз мәңгі болсын!
Әлімжан Хамраев, ҚХА мүшесі: Тәуелсіздіктің мән-маңызы жоғары
Бибігүл Төлегенова елімізге бейбіт өмір мен жарқын болашақ тіледі
Асанәлі Әшімұлы, Қазақстанның Еңбек Ері: Тәуелсіздікті ұстап тұру – ең басты міндет
Асанәлі Әшімұлы, Қазақстанның Еңбек Ері: Тәуелсіздікті ұстап тұру – ең басты міндетіміз!
Еліміздің 19 өңірінде дауылды ескерту жарияланды
Тәуелсіздік – ең асыл мұратымыз
Бостандық – елдің жүрегі, тәуелсіздік – сол жүректің лүпілі
Тәуелсіздік – баға жетпес байлық
Дәрігер жастықты сақтауға көмектесетін тағамды атады
Каспийді сақтауға арналған ғылыми жоба ТМД елдерінің премьер-министрлеріне таныстырылды
Маңғыстау облысында 13 жүк көлігі қар құрсауында қалды
Қазақтың бұлбұлы Бибігүл Төлегенова 95 жасқа толды
Бүгін – Тәуелсіздік күні
Мәулен Әшімбаев: Тәуелсіздікті көздің қарашығындай сақтау – әр қазақстандықтың қастерлі борышы
Жас спортшылар патриоттық челленджге қатысты
16 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
Қырғызстанда із-түзсіз кеткен қазақстандықты іздестіріп жатыр
16 желтоқсандағы доллар бағамы қандай?
Қазақстан Тәуелсіздік жылдары қандай жетістіктерге жетті?