Елдімекенге экологиялық апат төніп тұр

Көмір өндірісіне көпшілік наразы. Тобыл өңіріндегі Құсмұрын кентінің тұрғындары елдімекенге экологиялық қауіп төнгенін айтады. Қазір кент іргесіндегі кен орнының жұмысы тоқтап тұр. Алайда зардабы жойылған жоқ. Ауыл маңындағы өзен-көл құрғап, жайылым жұтады дейді жұртшылық.Қоңыр көмір сегіз жыл бұрын дәл осы жерден өндірілген. Жалпы аумағы бірнеше гектар. Кен орнының жұмысы тоқтағанымен, зардабы жойылмады. Қазылған жердің ойран - топыры шығып, ой-шұңқырға айналған. Нұрлыбай АЙТЖАНОВ, ҚҰСМҰРЫН КЕНТІНІҢ ТҰРҒЫНЫ: Қаншама мал өлді. Көктемде су толады шұңқырларға. Батпақ. Қалай ашып кетті, солай жапсын. Владислав ИЛЬИН, ҚҰСМҰРЫН КЕНТІНІҢ ТҰРҒЫНЫ: Мен бұл экологиялық апат деп есептеймін. Мына шұңқырлардан радиация тарап жатпағанына кім кепіл? Ауылда обыр ауруы көбейді. Қазу жұмыстары кезінде шеткі үйлер шаңнан көз ашпады. Геология комитетінің мәліметінше, бұл жердегі қоңыр көмір қоры 26 миллиард тоннадан асады. 2015-2016-шы жылдары кен орны екі кәсіпорынға бекітіліп беріліпті. Өндірушілер өзенді бөгеп, салдарынан арнасы құрғап қалған. Балығы тайдай тулаған жасанды көл де шалшыққа айналды. Шеті жырылып, суы ағып кеткен. Жыра үлкейіп, өріс тарылды.Төрт түлік ұзап жайыла алмайды деп шағымданады тұрғындар. Ал экологтар болса елдімекенге ешқандай экологиялық қауіп төніп тұрған жоқ дегенді айтады. Зиада БИСАҚАЛОВА, ОБЛЫСТЫҚ ЭКОЛОГИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ: Экологтардың бірінші тексеретін компоненті ауа, су. Жерге зиянды нәрсе сіңіп ластанса айтар едік. Бірақ ластану болған жоқ. Әйтсе де әлеуметтік-қаржылық талаптарды орындамағаны үшін әлгі екі өндірушімен де келісім-шарт бұзылған екен. Бірақ индустрия министрлігі кен орнын қайтадан басқа кәсіпорындарға беру үшін аукционға шығармақ.Тұрғындар түбегейлі қарсы. Көпшілік көмір өндірісін толық тоқтатып, қазылған жерді қалпына келтірсін деген талап қойып отыр.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Желі қолданушылары көкшетаулық полицейдің әрекетіне тәнті болды
Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы Президент жанындағы ең жоғарғы ғылыми ұйым мәртебесін алды
Шымкентте полиция қызметкерлері аса ірі көлемде “синтетика“ тәркіледі
Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы Президент жанындағы ең жоғарғы ғылыми ұйым мәртебесін алды
Шымкентте полиция қызметкерлері аса ірі көлемде “синтетика“ тәркіледі
Еліміз Мажарстанмен бірнеше салада бірігіп жұмыс істейді
Жетісу облысында қар құрсауынан бір жүргізуші аман қалды
«Нұрболханмен бекер соттасыппын»: Ләйлә Сұлтанқызы қандай өкініші бар екенін айтты
Желі қолданушылары көкшетаулық полицейдің әрекетіне тәнті болды
Ержан Максим Дубайда өткен конкурста жеңімпаз атанды
Елордада қауіпсіздік қалай қамтамасыз етіледі
Жазушы Мұхтар Мағауиннің жаназасы мен жерлеу рәсімі АҚШ-та өтеді
Энергиялық тиімділік саласындағы ынтымақтастық: Қазақстандағы Dena өкілдерімен кездесу өтті
"37 пайызға дейін су үнемдеу": Министрлік мажарлық препарат сынағын жариялады
Қазақстан құрамасы саблямен семсерлесуден Тунисте өтетін Гран-при кезеңіне қатысады
Батыс Қазақстан облысында бірнеше жол жабылды
БҚО-да құтқарушылар іздестіру-құтқару операциясын сәтті өткізді
Энергетикалық сусынды көп тұтынған қазақ жігітінің аяқ-қолы ісіп кеткен
Мұрат Нұртілеу Мажарстан сыртқы істер министрімен телефон арқылы сөйлесті
Алаяқ Ақтау тұрғындарын 90 млн теңге шығынға батырды
Жамбыл облысында тұрақты діни радикалдар тобының 11 мүшесі ұсталды
Елімізде -27°C-қа дейін күн суытады
Сәтбаев қаласына аспаннан қар емес, күйе жауды
19-қабаттан құлаған жігіт аман қалды