Декларация қабылданған күннің мәні мен маңызын кейінгі ұрпақ білуі тиіс, - дейді шымкенттік еңбек ардагері Сұлтанбек Сүгірбаев. "Аманат" партиясының мүшелері еңбек ардагерін мерекемен құттықтады. Биыл 74 жасқа толған ақсақалдың ел дамуына сіңірген еңбегі зор. Талай жыл аудан, қала басқарды. Түркістанның қайта түлеуіне үлес қосты. "Еліміздің егемендік алған сәті күні кешегідей көз алдымда" дейді қария. Елдің тұтастығы бірлікте екенін айтады.Сұлтанбек СҮГІРБАЕВ, ЕҢБЕК АРДАГЕРІ: Декларация Қазақстанның келешегін анықтап берді. Біз қандай ел боламыз? Өзімізге өзіміз ел бола аламыз ба деген мәселелер болды. Сол себептен ол да оңайлықпен қабылданған жоқ. Сол күн әлі менің есімде бар. Бізде ұлтаралық кикілжің, айтыс болмайтын тұғын. Елді бөлмей, жаңағы ұлт ұлысқа бөлінбей, жік-жік бөлінбей жүрсек бізді алатын ешқандай күш жоқ.