"Электромобильді көлікті автотұраққа ақысыз қояды", - депутат

Елімізде электромобильді көлік саны 10 есеге көбейді. "Жасыл" технологияның экологияға зияны аз. Бірақ энергия тапшылығын тудыру қаупі бар. Онсызда көршіге тәуелдіміз. Қуаттау көздері де көп емес. Мәжіліс электромобильдерге арналған инфрақұрылымды дамытуға қатысты заң жобасын мақұлдады. Қандай жеңілдіктер жасалды? Бекболат Сатуов айтады. Бекболат САТУОВ, АРНАЙЫ ТІЛШІ: Іштен жану қозғалтқышы бар мынадай көліктерді енді дамыған елдерден көрмейміз. Ұлыбритания, Канада, Түркия секілді 33 ел 2040 жылдан бастап бас тартады. Яғни, экологиялық таза көлікке көшпек. Екі жыл бұрын әлемде электромобильді көліктің саны бар-жоғы 3 млн-нан асып жығылса, қазір 17 млн-нан асады. Сұраныс біздің елде де артқан. Өткен жылдың басында елге 812 электромобиль кіргізілген болса, қазір 8 мыңнан асып жығылады. Яғни, инфрақұрылымды дамыту қажеттігі туындауда. Самат МҰСАБАЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, "AMANAT" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ: Жергілікті атқарушы органдардың өкілеттілігі электр зарядь станцияларын орналастыру туралы шешімдерді қабылдау және такси тұрақтарын әуежайларда, вокзалдарда, сауда және мәдени ойын-сауық нысандарда, мәдени демалыс парктерімен алаңдарда, даңғылдармен көшелерде электр станцияларымен жабдықтап ұйымдастыруды қамтамасыз етеді. Депутат Мархабат Жайымбетов электр тапшылығын туындатпай ма деп алаңдаушылық білдірді. Себебі онсызда станциялардың тозығы жетіп, желілер жел тұрса үзіліп жатыр. Сұңғат ЕСІМХАНОВ, ҚР ЭНЕРГЕТИКА ВИЦЕ-МИНИСТРІ: Жаңағы айтылғандай 8600 дей электромобильдер бар Қазақстанда. Оның орташа тұтынуы өткен жылға байланысты 20 млн кват сағатты ғана құрады да, өйткені ол қазір экономдық электробомильдер болғандықтан. Сондықтан жалпы біз 112 млрд өндіріп отырып 10 есе өскеннің өзінде де бізге ол 200-300 кват сағаты жеткілікті болады. Электромобильді тұраққа ақсыз қою заңда қарастырылған. Арнайы белгі орнатылады. Егер оған басқа көлік қойылса, жүргізушісіне айыппұл салынады. Осылайша экологиялық таза көліктерге қолдау көрсетілмек. Айтпақшы, электрлі көліктердің жану қаупіде жоғары. Депутаттар бұл мәселені де көтерді. Төтеншеліктердің мәліметінше осы күнге дейін электромобилдердің өртенуі бойынша 2 факт тіркелген.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Тойға шықпайтын әнші – кедей әнші. Оның ішінде мен де бармын – Роза Рымбаева
2025 жылы әлеуметтік-еңбек саласына арналған бюджет шығыстары 14 %-ға өсті
Қазақстан құрамасы семсерлесуден әлем кубогында қола медальға ие болды
Полиция 20 жыл көріспеген әкесі мен қызын табыстырды
Қазақстан тағы бір елмен визасыз режим енгізбек
3 мегаполисте және 16 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды
Тойға шықпайтын әнші – кедей әнші. Оның ішінде мен де бармын – Роза Рымбаева
Астанада жеке тұрғын үйлердің бірінен өрт шықты
Ұшақ апатының салдарын жоюға қатысушылар мемлекеттік наградалармен марапатталды
Алматылық жүргізуші Желіде жол ережесін бұзған видеоларымен мақтанған
Қазақстан құрамасы семсерлесуден әлем кубогында қола медальға ие болды
Әнші Ерке Есмахан күйеуі Райм сыйлаған қымбат әшекейлерін көрсетті
Шымкентте есірткі жеткізумен айналысқан екі студент ұсталды
2025 жылы әлеуметтік-еңбек саласына арналған бюджет шығыстары 14 %-ға өсті
Шымкентте есірткі өткізумен айналысқан екі студент ұсталды
Отгонцэцэг Галбадрах Монғолия азаматтығын алуға өтініш берді
Елімізде жеке куәлік жасату құны өзгерді
Қазақстан СІМ-де Түркі инвестициялық қорымен ынтымақтастық мәселелері талқыланды
Астанадан бір күнде 3 мыңға жуық рейспен қар шығарылды
Ертең Алматыдағы ботаникалық бақ жұмыс істемейді
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі: Энергия тиімділігі картасы аясында бір жылда 31 жоба енгізілді
Түркістан облысына жаңа әкім тағайындалады
Қостанайда 20 жыл көріспеген әкесі мен қызы табысты
Қазақстан құрамасы шпагамен семсерлесуден әлем кубогы кезеңінде күміс медаль алды