Қазақстанның бірінші, дүнижүзінің оныншы ракеткасы Елена Рыбакина бүгін, 9 ақпанда Әбу-Дабидегі WTA 500 Mubadala Abu Dhabi Open турнирін сәтті бастады, деп хабарлайды Zakon.kz.Қазақстанық теннисші чехиялық Каролина Плишковамен ойнап, оны 6:4, 6:2 есебімен жеңді.Каролина Плишкова бір кездері дүнижеүзінің бірінші ракеткасы болған. Рыбакина енді ширек финалда қазақстандық тағы бір теннисші Юлия Путинцевамен ойнауы мүмкін. Еске салайық, биыл Елена Рыбакина Australian Open турнирінің финалында ойнады. Ал былтыр, 2022 жылы Уимблдон турнирінде жеңіске жетті.