Үздік қазақстандық теннисші Елена Рыбакина мансабының тарихын жасауды жалғастыруда. 31 наурызда Майами кортында Ғаламшардың үшінші ракеткасы Джессика Пегуланы ұтып, Әйелдер шеберлерінің финалына өтті, деп хабарлайды Zakon.kz .Жартылай финалдық кездесу қос теннисшіге де оңай болған жоқ. Елена мен Джессика бірінші сетте бір сағат 10 минут жұмсады. Жаңбырға байланысты бірнеше рет матч тоқтатылды.Ойынның сценарийі бойынша Пегула брейкпен бастап, бірінші ойында-ақ алға шықты – 2:0. Дегенмен, қазақстандық қарсыласын қуып жетіп, бірінші сетті тай-брейкке дейін жеткізіп, америкалықтан баса озды– 7:6 (7:3). Осыдан кейін матч ауа райына байланысты тағы да тоқтатылды. Сәл тынығып алған Джессика алғашқы ойындағы сәтті қайталағанымен, бұл жолы 3:0 есебімен алға шықты. Рыбакина өзін тез жинап, тепе-теңдікті қалпына келтірді, көп ұзамай ол өзі алға шықты, содан кейін бұл ойында жеңіске жеткізді - есеп 6:4.