Елена Рыбакина алғаш рет Римдегі турнирдің финалына шықты

Қазақстандық теннисші жартылай финалда әлемнің 20-ракеткасы, 2017 жылғы Ролан Гаррос жарысының чемпионы, латвиялық Елена Остапенкомен шеберлік байқасты.Осыған дейін қарсыластар өзара үш рет кездесіп, соның екеуінде латвиялық, біреуінде қазақстандық теннисші жеңіске жеткен еді. Бұл жолы Е.Рыбакина ойынды брейкпен бастады – 2:0. Тағы бір брейк – 4:1. Содан кейін өзі доп берген тартысты геймде төртінші сетболын пайдалана алды – 6:2. Есесіне екінші партияда латвиялық теннисші алға кетті – 2:0. Жаңбыр жауып кетуіне байланысты есеп 4:2 болғанда, бәсекеде үзіліс болды. Үзілістен кейін Е.Рыбакина таразы басын теңестіріп қана қоймай, өзі алға кетті – 5:4. Сосын екінші матчболын құр жіберген жоқ – 6:4. Бір сағат 43 минутқа созылған бәсеке барысында Е.Рыбакина 6 эйс жасап, 9 брейк-пойнттың төртеуін өз есебіне жазды. Е.Остапенко 7 эйс, 1 брейкпен (4 брейк-пойнт) көзге түсті. Осылайша, қазақстандық теннисші өз спорттық жолында алғаш рет Рим мастерс жарысының финалына шықты. Е.Рыбакина финалда әлемнің 47-ракеткасы, украиналық Ангелина Калининамен бас жүлдені сарапқа салады. Ол жартылай финалда әлемнің 12-ракеткасы, ресейлік Вероника Кудерметованы жолдан тайдырды – 7:5, 5:7, 6:2.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Қостанайда жас әйел екі күн бойы боранда адасып жүрген
«Ақыры дегеніме жеттім»: Қазақ қызы баскетболдан Моңғолия ұлттық құрамасының сапында ойнайды
Абай облысында түн ішінде монша өртенді
Жасанды интеллект емделуі қиын ауруға қарсы дәрі тапты
Метеорологтар Астана мен Алматы тұрғындарына ескерту жасады
Тұман, көктайғақ: 11 қаңтарға арналған ауа райы болжамы
Жетісу облысында жоғалған тұрғын табылды
Ақтауда пойыз бен жеңіл көлікке соғысты
Банктен 55 млн теңге ұрлаған ер адам Швецияда ұсталды
Банктен 55 миллион теңге ұрлаған ер адам Швецияда ұсталды
Банктен 55 млн теңге ұрлаған ер адам Швецияда ұсталды
Жұмыс беруші қызметкердің жалақысынан әкімшілік айыппұл сомасын ұстап қалуға құқылы ма?
Жетісуда адам қағып, мерт қылған жүргізуші қолға түсті
Елордада мектепке дейінгі қызметтерге 2 200 ваучер бөлінді
Кимешек киген қандай-ды!
Елордада отандық спортты дамыту әлеуеті талқыланды
Қостанайда заңсыз жолмен 2 млрд теңге тапқан ерлі-зайыпты сотталды
ІІМ есірткі зертханаларына прекурсор жеткізушілерді ұстады
Бұдан былай пластик пакет қолдануға тыйым салынады
Дерек дәйекті болса, даму тұрақты
Алматыда соғыс ардагері 101 жасқа толды
«Қар, жаңбыр, аяз»: Алдағы күндері ел аумағында -27°С-қа дейін суық болады
«Бір ел – бір кітап» оқу мәдениетін қалыптастырады
15 жыл далада қонған адам RIXOS-тан бірақ шықты