Қазақстанның бірінші, әлемнің 7-ракеткасы Елена Рыбакина АҚШ-та өтіп жатқан Майами WTA 1000 турнирінің келесі кезеңіне шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.Е.Рыбакина жүлде қоры 8,8 млн АҚШ долларына бағаланған мастерс додасының ширек финалына шығу үшін әлемнің 39-ракеткасы, бельгиялық Элиза Мертенспен кездесті. Матч 6:4, 6:3 есебімен, қазақстандық спортшының пайдасына шешілді.