Қазақстанның бірінші, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина Истборндағы (Ұлыбритания) турнирге қатысудан бас тартты, - деп хабарлайды Massaget.kz.Рыбакина бұл турнирдің бірінші ракеткасы болып тіркелген еді, бірақ кестесіндегі өзгерістерге байланысты жарысқа қатысудан бас тартты.Спортшы екінші айналымда ұлыбританиялық теннисші Хэрриет Дартпен (әлемнің 105-ракеткасы) кездесуі керек еді. Енді Дарт "лаки-лузер" – америкалық София Кенинмен (әлемнің 48-ракеткасы) ойнайды.Еске салайық, бұған дейін қазақстандық спортшы денсаулығына байланысты Берлиндегі WTA 500 турнирінде Беларусь теннисшісі, әлемнің бұрынғы бірінші ракеткасы Виктория Азаренкоға қарсы матчты жалғастырудан бас тартқан еді.