Еленбеген ереже: жаңа жатақхананың дауы ушықты

Тұрғындар баспанамыздың іргесіне тақалып салынған жатақхананың құрылысы заңсыз деп дабыл қағуда. Ережені елемеген кәсіпкер жекеменшік ғимаратын дәл тұрғын үйге тақап салған, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.Шымкенттегі Тыныбаев көшесінде көпқабатты тұрғын үй 50 жыл бұрын бой көтерген. - Ауланың ішіне көлігімізді қоя алмаймыз. Төтенше жағдай болса немесе тұрғындар ауырып, жедел жәрдем шақыртса кіре алмайды. Жұмыстан келіп демалуға мүмкіндік жоқ. Құрылысшылар түнімен жұмыс істейді. Осының барлығы тұрғындардың денсаулығына кері әсерін тигізуде, - дейді үй тұрғыны Арсланбек Орынбасар. Діріл мен шудан мезі болған жұрт кәсіпкерге заң да тосқауыл емес дейді. Ереже бойынша құрылыс көпқабатты үйден 20 метр әрі салынуы керек еді. Олардың айтуынша, бизнес иесін бұл ережеге бағындыратын бір шенеунік табылмаған. - Заңға бағынбай, өз білгенімді істеймін деп отыр. Біз құрылысқа байланысты 15 метрден кейін не саламын десең де сал десек, бағынбай қойды. Арызды барлығымыз жаздық. Қаланың әкіміне, ауданның әкіміне бардық. Нәтиже жоқ, - деді қала тұрғыны Жамал Жаманкөзова. Араша сұраған тұрғындардың мәселесін тыңдауға депутаттар, басқарма өкілдері келді. Бірақ мәселені шеше алмады. - Бұл мәселені құзырлы орган тексереді. Эскиз жобаларына мемлекеттік қызмет рұқсат береді, - деді қалалық сәулет және қала құрылысы мен жер қатынастары басқармасының бөлім басшысы Әлімжан Ілесбеков. Жекеменшік жатақхана құрылысын жүргізіп жатқан компания өкілдері құжаттың бәрі түгел, қыркүйекке дейін нысанды аяқтаймыз деп отыр.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Қазақстан құрамасы семсерлесуден әлем кубогында қола медальға ие болды
Ұшақ апатының салдарын жоюға қатысушылар мемлекеттік наградалармен марапатталды
Түркістан облысында полигондардың 65%-ы санитарлық талаптарға сәйкес келмейді
Лоторея, тіс протезі: Өткен жылы Алматыда жоғалған ерекше заттар
Күнбағыс майының алғашқы партиясы өңірлерге жөнелтіледі
“ЭКҰ арқылы босанды“. Өмірқұл Айниязов ел білмейтін құпиясын ашты
Елімізде 12 судья қызметінен босатылуы мүмкін
Өскеменде үй саламыз деп 102 азаматты алдаған күдіктілер ұсталды
Тұман, көктайғақ: 6 қаңтарға арналған ауа райы болжамы
Алматыда орташа жөндеу жұмыстары 300 км жолды қамтиды
Қытайда метапневмовирус өршуі коронавирустан да қауіпті екені рас па?
«Экологиялық білім берудің үздік ұйымы» ұлттық байқауының қорытындысы шықты
Түркістан облысында полигондардың 65%-ы санитарлық талаптарға сәйкес келмейді
Қазақстанда тамақ жеткізіп беретін курьерлерге талап қатайтылмақ
АҚШ-тың экс-президентін ақтық сапарға шығарып салу рәсімі 6 күнге созылады
Павлодар облысында мас жүргізушілер заң алдында жауап берді
Алматы облысында 89,7 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды
Grand slam: қазақстандық дзюдошылар Париждегі турнирге қатысады
Ақмола облысында 1500-ден астам адам шаңғы жарыстарына қатысты
Полиция 20 жыл көріспеген әкесі мен қызын табыстырды
Қазақстан тағы бір елмен визасыз режим енгізбек
3 мегаполисте және 16 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды
Тойға шықпайтын әнші – кедей әнші. Оның ішінде мен де бармын – Роза Рымбаева
Астанада жеке тұрғын үйлердің бірінен өрт шықты