Элеваторларға түскен бидайдың 40 пайызға жуығы ешқандай класқа жатпайды. Егін орағы да ұзаққа созылды. Басты дақыл наннан тарығып қалмаймыз ба? Көпшілікті алаңдатқан мәселе Үкіметте талқыланды. Ауа-райы шаруалар үшін қолайсыз болды. Жазда қуаңшылық болса, күзде жауын мөлшерінен көп жауып, егінді жинауға кедергісін келтірді. Жалпы биыл 16 млн тонна астық жиналды. Оның 11 млн тоннадан астамы бидай өнімдері. Сала министрлігі бұл елді нан, ұн және макарон өнімдерімен толық қамтамасыз ету үшін жеткілікті деп сендірді. Ал өнімділікті артыра алмаудың себебі көп. Заманауи технология қолданылмайды, жаңа сорттар өсірілмейді. Ғылыми жүйеге сүйінбеудің салдары.Әлихан СМАЙЫЛОВ, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ: Айталық, жергілікті атқарушы органдар заманауи суару технологияларын енгізуді дұрыс ұйымдастыра алмай келеді. Бұл су шығынын азайтып, өнімділікті арттыруға мүмкіндік берген болар еді. Сонымен қатар ауыл шаруашылығы техникаларының паркін жаңарту мәселесі де өзекті. Әбден тозығы жеткен техника егіс жұмысының сапасына да әсер етіп жатыр.