Елге әкелінетін әрбір екінші көлік Қытайда жасалады

Биыл елімізге 10 мыңнан астам Қытай көлігі кірген. Аспан асты елінің темір тұлпарына ғана емес, тауарларына да сұраныс жоғары. Осы және өзге де ақпараттар "ЭКОНОМИКА" топтамасында.Қытай көліктеріне сұраныс артуда. Неміс, кәріс, жапонның темір тұлпарына қарағанда құны қалтаға қонымды болғасын ба, әлде жүргізушіге жасалған жағдайдың жақсы болғанынан ба, әйтеуір аспан асты елінің көлігін тақымдайтындар көбейді. Есті шығаратын ескі көлікті алғанша қарызданып болсын жаңасын мінгенді жөн көретіндер бар. Биылғы жылдың алғашқы екі айында елімізге кірген әрбір екінші темір тұлпар Қытайдан әкелінген. Яғни 10мың бір жүз. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4 мың сегіз жүзге көп. Жалпы 20мың көлік импортталған. 3 мың 700 АҚШ-тың, 3 мың Жапонияның, 1600 Кореяның көлігі кірген.Аспан асты елінің көлігіне ғана емес, олардың тауарына да қызығушылық жоғары. Арада барыс-келіс, сауда-саттық, ынтымақтастық артты. Бұған -екі ел арасындағы визасыз режимнің енгізілуі себеп. Биыл алғашқы тоқсанда шекарадан кіріп-шыққан адам саны өткен жылмен салыстырғанда 200%-дан асқан. Дертіне дауа іздегендер, кәсібімді дөңгелетсем деген бизнесмендер, саяхатшылар мен білім іздегендер көк паспортты көрсетіп 30 күн емін-еркін көрші елде жүре алады. Шекара асқандардың дені -кәсіпкерлер. Ірі фабрикалармен келісім жасасып, түрлі тауарды елге әкеп саудалауда. Соның арқасында кедендік бақылаудан өтетін жүк көліктері де саны көбейген. Қытайға кіріп-шығатын жолаушылардың дені Қорғас порты арқылы өтеді. Мұнда күніне мың жарымнан 3 мыңға дейін адам қатынайды.Визаны алып тастағанның арқасында көптеген кәсіпкердің қолы ұзарды. Мысалы, кезінде виза бар кезде арада көптеген қиындықтар туындаған еді. Шекарадан өту жағынан, визаны беру жағынан. Ал қазір адамдар барып, тауарды қолында ұстап, көріп, өте қызықты ассортименттерді Қазақстанғаалып келіп, соның арқасында тауардың бағасы өте арзанға түсуде.Ұлттық банктің ресми бағамы бойынша 1доллар 448 теңге болды. Көк қағаз Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде 448-450 теңгеден саудалануда. Ал Елордада 446-450 теңге аралығында құбылып тұр. Ал Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 4,77 теңге болды. Астанада көрші ел валютасы 4,67 - 4,69 теңгеден, ал Алматыда 4,73 – 4,82 теңге аралығында сатылып жатыр.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Абай облысында «қылмыстық гастрольдік квартет» атанған пәтер тонаушылар тобы ұсталды
«Қатеге толы жыл болды»: Балжан Бидаш қыз-келіншектерге үндеу жасады
Қосшыда сұлулық салонынан өрт шықты
Елордада JOLTAP жобасының қорытындысы шығарылды
Елге көлік кіргізу ережесін қатаңдатудың салдары қандай болмақ?
Шымкентте жаңа жыл түні 2 мың полицей қауіпсіздікті қамтамасыз етеді
Ұшақ апатынан қайтыс болған жолаушылардың туыстарына қолдау көрсетілуде
Олимпиада чемпионы Давид Дегтяревке әкімдік ақшалай сыйақы табыстады
Қайызғақтың кесірінен шашсыз қалуыңыз мүмкін бе?
ТЖМ құтқарушылары 47 адамның өмірін сақтап қалды
Абай облысында пәтер тонаушы ықпалды ұрылар тобы ұсталды
СҚО-да көп балалы аналарды құрмет көрсетілді
Адам қанша мандарин жесе өліп кетуі мүмкін?
Жаңа жылыңмен деп құттықтаудың өзі күнә, шариғатта рұқсат жоқ – блогер (ВИДЕО)
Таразда балалар мен жасөспірімдердің шығармашылығын қолдау орталығы ашылды
Қаза тапқан Әзірбайжан азаматтарының денелері Отанына жөнелтілді
29 желтоқсанда ауа райы қандай болады?
Абай облысында «қылмыстық гастрольдік квартет» атанған пәтер тонаушылар тобы ұсталды
Оқушылар қысқы каникулда қанша күн демалады?
Қарағанды облысында жаңа дене шынықтыру-сауықтыру кешені ашылды
Ақтаудағы әуе апатынан қаза тапқан Әзербайжан азаматтарының денелері еліне жіберілді
Жаңа жыл қарсаңындағы билет тапшылығы шешіле ме?
ТЖМ құтқарушылары 40 адамды эвакуациялады
Алматыда Аяз Атаның киіз үйлері ашылды